ТАБИҒАТ ТАҢҒАЖАЙЫБЫ: ішінде асау ӨЗЕН, тұтас ОРМАН орналасқан ҮҢГІРді білесіз бе? (фото+видео)
Айтпақшы, баруды мақсат ететін орындар қатарына Шондонг үңгірін қосуға болады. Неге дейсіз бе? Шондонг – Вьетнамның орталық бөлігінде, Куанг Бинь провинциясы аумағына орналасқан үңгір. Бүгінгі таңда «әлемдегі ең үлкен үңгір» статусын иеленіп тұр. Осыдан жиырма жылдай бұрын Вьетнамның кішкентай бір ауылының тұрғыны – Хо Хан атты жас жігіт сол маңайдағы ну орман арасынан бір үңгірдің аузын табады. Алайда, арғы жағынан құлақ тұндырардай қорқынышты дыбыстар тоқтаусыз шығып тұрғандықтан, ішіне кіріп көруге жүрегі дауаламайды. Әлбетте, бұл үңгір жайлы жергілікті тұрғындар бұған дейін де білген...