Сұлулық бетте емес, жүректе
Сұлулық – Адам баласына берілген нығметтердің бірі. Ал көріксіз адамдарға бұл нығмет берілмеген деген сөз емес. Сұлулық тек бетіңіздің тегістігімен, көзіңіздің әдемілігімен, тісіңіздің түзулігімен өлшенбейді. Сұлу адам деп нағыз көркем мінез иесін айтады. Небір ажарлы, көрікті, сұлу адамдар бар, бірақ олардың да әттеген-ай дейтін тұстары жетерлік. Мысалға, біреу көрікті, бірақ көп күледі немесе қатты күледі. Ал енді біреу сұлу болғанмен, көп сөйлейтін әдеті болады. Иә, осылай алғанда көптеген көрікті адамдар әдеп жағынан көріксіз. Кейбіреулер түр жағынан әп-әдемі болса да, мінез жағынан...