Жаса, жаса, жасанды зерде!
2021 жыл Қазақстанда «цифрландыру жылы» болуы мүмкін. Президент 10 сәуірде Ақордадағы жиында «елімізде келесі жыл цифрландыру белгісімен өтуі тиіс» деп қадап айтты. Дегенмен сарапшылар байламынша, республика цифрлы әлемге енуге дайын емес. Үкімет тек компьютерлендіру, автоматтандыру, интернет желісін тарту секілді жекелеген элементтерін енгізумен әлек. Бұл кезде озық елдер жасанды зердеге құрылған цифрландыру саласында алға ұзап барады. Президент қазақ елін «шынайы цифрлы мемлекетке» айналдыру міндетін белгіледі. Аталған жиында ол Үкіметке «IT саласын сапалы жаңа деңгейге шығару жоспарын...