Бір айлық көлеміндегі әлеуметтік төлемді кімдер ала алады? Әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар өткізу керек?
Төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған адамдарға 1 айлық еңбекақы мөлшерінде төлем жасалады. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлайн конференцияға сілтеме жасай отырып хабарлады. Биыл 23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай туралы мемлекеттік комиссия отырысында төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған адамдарға 1 айлық еңбекақы мөлшерінде төлем жасауды тапсырды. Аталған төлемдер ашық өтеді және ресми жұмыс істеген адамдарға төленетін болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған орай тиісті ереже...