Голландияда 1637-ші жылы бір қызғалдақтың бағасы 75 000 доллардан 1 долларға түсіпті
Голландияда 1637-ші жылы бір қызғалдақтың бағасы 75 000 доллардан 1 долларға түсіпті

Орта ғасырларда қызғалдықтың қандай гүл екенін білмеген еуропалықтар басында оны пияз деп ойлапты. Кәдімгідей пияз сияқты маймен қуырып жеген екен. Содан бір күндері әдемі қызғалдақ өсіп шығады. Қызғалдықтың әдемілігіне таң қалған олар оны патшалық сарайларда өсіресе бастайды.

1590-ыншы жылдары еуропаға келген қызғалдақ әр елге барып түрлене бастайды. Бағасы да әрине өседі. Арадағы спекулянттардың араласуымен 1637-інші жылы бір қызғалдақтың бағасы 1500 доллардан қазіргі бағамен 75 000 долларға шығып кетеді. Голландия үкіметі керемет ақша таба бастайды. Күндердің күнінде қызғалдақтың бағасындағы "мыльный пузыр" жарылады. 6 аптаның ішінде қызғалдақтың бағасы 75 000 доллардан 1 долларға дейін арзандап кетеді.

Бүгінде бағасы 40-50 мың долларға жеткен биткоин жарылуы мүмкін бе? Осы уақытта 10 000-нан аса криптовалюта бар екенін білеміз. Ең қымбаты әрине, биткоин. Бірақ биткоин ең көп пайда әкелген криптовалюта емес. Қысқа мерзімде одан неше есе қымбаттап кеткен альткоиндар болды. Қазіргі уақытта әлемдік Uber сияқты фирмалар биткионмен төлем қабылдай береміз деді. Master card биткоинмен жұмыс істеуге дайынбыз деп ізденуге кірісті. Айлықтары көп кейбір спортшылар биткоинмен келісім шарт жасасып жатыр.

Бүгін банкке барып доллармен депозит ашсаңыз, жылына 1-2% сыйақы аласыз. Теңгемен депозитке 9-13% аласыз. Криптовалютамен бір күнде осынша пайыз табуыңыз мүмкін. Биткоинның түсіп қамбаттауы қалыпты нәрсе. Басталғалы бері осылай келе жатыр. Қанша толқынмен қымбаттап арзандаса да 2013-тен бері 40 есе қымбаттапты.

Кейбір сарапшылардың пікірінше бұл баға осылай 100 миллион долларға барады дейді. Бірақ 1637-декі қызғалдақ секілді тиын болады дейтіндер де бар. Кешегі күні АҚШ қаржы министрінің бір ауыз сөзінен соң 15% арзандады. Сонда да аз-маз артық ақшаңыз болса альткоиндермен жинап қойған артық етпес еді. 

Сабит РЫСБАЕВ,

"Адырна" ұлттық порталы

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
2 ай бұрын 296
0 пікір
Блог туралы
0
1497096 206 535 4879 232