Тез әзірленетін кеспеден денсаулыққа зиянды қоспалар анықталды
Тез әзірленетін кеспеден денсаулыққа зиянды қоспалар анықталды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қостанай облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

Қостанай облысында адамның өміріне, денсаулығына және жалпы тамақ өнімдеріне қауіпті генетикалық түрлендірілген сояның сандық құрамы артқан тамақ өнімдері анықталды. Бұл тағамдар Алматының сауда нысандарында сатып алынған, - деп хабарлады департамент өкілдері.

Департаменттің мәліметінше, кореялық жедел дайындалатын кеспе түрлерінде соя сорттарының ГМ сандық құрамы белгіленген мөлшерден 10,25%-ға дейін жоғары болғаны анықталды. Бұл кеспе қатарында «Jin Ramen (Mild)», «Jin Ramen (Spicy)», «Jin Ramen (Mild)» кореялық жедел дайындалатын кеспелері бар.

Бұл ақпарат кәсіпкерлік субъектілеріне, кәсіпкерлік, білім бөлімдеріне, қоғамдық тамақтану объектілеріне жіберілді. Бұл өнім дүкен сөрелерінен табылған жағдайда 8(7142)543199 нөмірі бойынша хабарлауға немесе Қостанай облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мекен жайына жазуға болады, - делінген ақпаратта.

 baq.kz 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 жыл бұрын 2642
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232