42500-ден қағылған жалдамалы жұмысшыларға жәрдемақы тағайындалады. Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартуға рұқсат беру ережелері өзгерді
42500-ден қағылған жалдамалы жұмысшыларға жәрдемақы тағайындалады. Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартуға рұқсат беру ережелері өзгерді

Карантин кезінде 42 500 теңгені ала алмай қалған жалдамалы жұмысшыларға да әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Ол үшін жұмыс беруші жыл соңына дейін апелляциялық өтінішпен бірге тағы екі құжат тапсыруы керек. Бірақ, бұл мүмкіндік тек шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндерге беріледі. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Базарда жалдамашы жұмысшы болып қызмет етіп келгендердің біразы 42500 теңгеден қағылғаны белгілі. Өйткені, әу баста жұмыс берушімен арада еңбек келісім шарты жасалмаған соң, қазір уақытша жұмыс істемейтіндері туралы құжаттары жоқ. 

"Жұмысшылардың құқығы тапталатын жерлер - базарлар. Сол кәсіпкерліктің басшылар өздерінің бұйрықтарын және тізімдерін өткізуі керек болған", - деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Зәуре Әбілдаев.

Әзірге Алматы қаласы бойынша 431 жұмыс беруші өзінің жалдамалы жұмысшысына әлеуметтік төлем алуы үшін аппеляциялық өтініш толтырған. Үкімет тарапынан оның 70 пайызына 42500 теңге тағайындалыпты. Нұргүл Қайратқызы да ТЖ кезінде жәрдемақыны алу үшін өз бетімен өтініш беріп көрген. Нәтижесінде, оған төлем тағайындалмаған. Бірақ, ол жұмыс берушіге құқығымды таптатып қоя алмағанын айтады. 

"Жұмыс беруші маған уақытша жұмысшы деген қағаз берген жоқ. Айлықты күніне алатынмын", - деді әйел. 

Дәл осылай еңбекақыны қолына ұстатып, жұмыс күшін пайдаланып келген кәсіпкерлер жыл соңына дейін жалдамалы жұмысшыларын тіркеп, олардың әрқайсысына уақытша жұмыссыз деген құжат беруге міндетті. Сонда ғана шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, табысынан айырылып қалғандарға әлеуметтік төлем тағайындалады. 

"42500 теңгені алу үшін жұмыс беруші алдыңғы тоқсандағы өзінің табыс көзін дәлелдейтін құжат қажет. Шілде, тамыз, қыргүйекте табыс көзі болмаса, онда комиссия бар, штаб құрылған, біз қарастырамыз", - деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Зәуре Әбілдаев. Яғни, комиссия шағын және орта кәсіпкерліктің төтенше жағдайға дейін жұмыс жеткізсе болды.

Жалдамалы жұмысшының уақытша жұмыссыз екенін растайтын құжатты жұмыс берушінің өзі заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы бойынша аудандық әл-ауқат басқармасына тапсыруы тиіс екен.

Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартуға рұқсат беру ережелері өзгерді 

Қазақстанда жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі  zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңға сәйкес айқындалатын кәсіптер тізбесі бойынша жүзеге асырылады. 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат келесі мерзімге беріледі:

  •  бірінші санат үшін - рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен, жұмыс берушінің өтініші негізінде бір, екі немесе үш жылға;
  •  екінші және үшінші санаттар үшін - 12 айға, 12 ай мерзімге ұзартумен, бірақ үш еседен артық емес;
  • төртінші санат үшін - ұзарту құқығынсыз 12 айға;
  • маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін - ұзарту құқығынсыз күнтізбелік 90, 180, 270, 365 күнге дейін.

Бұл ретте шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда ұзартылмайды:

  • бөлінген квота мөлшерінен асып кетсе;
  • жұмыс берушінің Қағидалардың 16-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы;
  • төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау;
  • жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тарту фактісін анықтау.  Мұндай жағдайларда рұқсаттар осындай факті анықталған күннен бастап 12 ай ішінде ұзартылмайды.

Бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 жыл бұрын 2496
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232