Ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео)
Алматы облысының Сарыозек ауылында жастар өзара ақша жинап тұрмысы төмен отбасыларға көмір алып берді, деп хабарлайды Stan.kz. Қыс ортасына түссе де облыс та көмір мәселесі әлі де шешілмей тұр. Жұрт қақаған аязда көмір таппай дал болды. Онымен қоймай көмір тапшы болғандықтан бағасы да шарықтап кеткен. Ал, тұрмысы төмен отбасылардың қомақты ақша беріп, көмір сатып алуға жағдайы жетпейі. Осы орайда ауыл жастары желіде ақылдаса отырып, бір ауыздан ақша жинайды. “Көп түкірсе көл болады” демекші, тиын-тебеннен біраз қаражат жиналған. Осы ақшаға көмір алып, 25 отбасының үйді-үйіне таратып береді....