Жол-көлік оқиғасына ұшырағанда не істеу керек: Заңгер кеңестері
Жол-көлік оқиғасына ұшырағанда не істеу керек: Заңгер кеңестері

Tengrinews.kz тілшісі заңгер Джохар Өтебековтен ЖКО кезінде не істеу керектігі жайында сұрады. 

#1 ЖКО-ға тап болсаңыз алдымен не істеу керек?

- Көлікті тоқтату.

- Апат жарық белгісін қосу.

- Зардап шеккендерге көмектесіп, жедел жәрдем шақыру.

- ЖКО болған орыннан 15 метр жерге апат белгіні қою.

- Полиция шақыру.

- Оқиға орнында ешнәрсені қозғамау.

- Куәгерлердің аты-жөнін жазып алу.

- Болған жайттың бәрін видеоға және суретке түсіру.

#2 Оқиға болған жерді суретке қалай түсірген жөн?

Айнала. ЖКО болған жерді жалпылай, соқтығысқан көліктерді қоса. Сонымен бірге, өзге көлікті басқарған адамды да түсіріп алуға кеңес беретін едім. 

#3 Полицияны барлық жағдайда шақыру қажет пе?

Заң бойынша полицияны әрқашанда шақыру керек. Заңның жетік болмауы жол-көлік оқиғасына қатысты адамдардың бір-біріне наразылығын өздігінше реттеуге көз жұма қарап, әкімшілік жауапкершілік туралы хаттаманы толтырмайды. 

#4 Жалпы көлікті оқиға болған орыннан жылжытуға бола ма?

Егер өзге көліктер мүлде өте алмай жатса ғана жол шетіне шығаруға болады. Басқа жағдайда сізге айыппұл салады. Оның үстіне көлікті орнынан қозғалтқаныңызды сізге қарсы қолдануы мүмкін. Полиция келіп, хаттама толтырғанға дейін олай етпеуге кеңес беретін едім. 

#5 Ал инспектор қандай құжаттар беруі тиіс?

Полиция инспекторы оқиға орнында кінәлі мен зардап шеккен адамға әкімшілік заңбұзушылық пен оқиға орнына қарау жүргізілгені туралы хаттама көшірмесін тапсырып кетуі тиіс. 

#6 Егер ЖКО жолдағы шұңқыр кесірінен болса?

Жауапты мердігерді іздеген жөн. Инспектордан хаттамада жолдағы шұңқырға, люк, тор немесе жолдағы басқа бөгетке сілтеме жасауын талап ету қажет. 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
6 жыл бұрын 3549
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232