Бизнес бастағалы жатқан кәсіпкер білуі тиіс 33 ереже
Бизнес бастағалы жатқан кәсіпкер білуі тиіс 33 ереже

Жазушы, американдық блогер әрі кәсіпкер Марк Мэнсон алғашқы кәсібін бастағанда ең алдымен, өзінің білгісі келетін ережелер тізімімен бөліскен болатын. Ол 2007 жылы жалдамалы қызметкер емес, жеке кәсіпкер болуға шешім қабылдаған-тын. Қазіргі уақытта танымал бизнесмен «Сол кезеңдегі алғашқы бизнесіңіздің 5 жылдан кейінгі нәтижесін болжай алдыңыз ба?» деген сауалға – “Ешнәрсе жауап бере алмайтын едім”, – дейді. Көпшілік жас кәсіпкер сынды ол да оңай әрі жылдам ақша табуды қалады. Үлкен танымалдыққа ие болатынын және бизнес оған үлкен рахат әкелетінін ол алдын-ала білмеген еді.

Сондықтан Марк алдағы уақытта не күтіп тұрғанынан хабардар болу үшін әрбір жаңа кәсіпкер білуі тиіс 33 ережені ұсынады. Сіздер де сол қағидаттармен таныса отырыңыз.

  1. Ақшаны босқа құртпаңыз.

Марк Мэнсонның сөзінше, оның бизнесі бірден жақсы арнаға түсіп, кәдімгідей пайда түсіретін болған. Сондықтан ол демалу үшін Буэнос-Айресқа достарымен бірге саяхатқа барып, бірінші алты айда жинаған ақшасының көп бөлігін жұмсаған. Бір жылға жетпей бизнесмен күйзеліске ұшырап, қосымша қаражаты болмай қатты қиналды. «Мен жіберген қателікті жібермеңіздер», деп кеңес береді.

  1. Бос уақытыңызда ақша табыңыз.

Өзінің бизнесін бастаған кәсіпкерлердің көпшілігі олардың мүлдем бос уақыты болмайтынын айтады. Жұмыс, хобби және отбасылық жағдайлардан кейін олардың қосымша ақша табу үшін, жаңа бизнес-идея үшін күніне бар-жоғы 1-2 сағат қана бос уақыты болады екен.

Егер бос уақыт бола қалса, өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Мысалы, спорттық ойындар, бағбаншылық, ағаш кесу, т.б. және түбінде сол істен пайда табуға тырысыңыз. Бұл өте тиімді жол, сіз хоббиыңыздан бас тартпайсыз, керісінше, оны дамытасыз.

  1. Басқа кәсіпкерлермен араласыңыз.

Жан-жағыңызды үлгі тұтатын, ұқсағыңыз келетін адамдармен толықтырыңыз. Егер сіздің достарыңыз кеңседе іш пысқаннан отыра беретіндер болса, сіз әлеуметтік қысымнан өзіңіздің де соларға ұқсап кеткенін байқамай қаласыз.

Ондай достар сіздің мақсаттарыңызды түсінбейді, тіпті қызғанышқа булығып ренжуге дейін барады. Тура сіздің жағдайыңыздағы адамдармен бірлесу, бір-біріне қолдау көрсете отырып мотивация беру – өте керек нәрсе.

  1. Мүмкіндік болса, ұнатпайтын жұмысыңызды тастап кетіңіз.

Артыңызда ешқандай күмән қалдырмаңыз. Кері шегінуге жол болмасын.

  1. Ұялмаңыз.

Сізге дейін ешкімнің бастауға батылы жетпеген жұмысты бастауға бел бусаңыз, сіздің өз-өзіңізге деген берік сенімділігіңіз өте қажет. Себебі, сіз келесідей қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін:

  • Күлкіге, мазаққа қалу;
  • Оннан аса тұтынушыға хабарласып, жұмысты басқадан жақсырақ істейтініңізге көндіру;
  • Өз өніміңізді одан мүлдем хабары жоқ адамдарға түсіндіру;
  • Сіз әлі толық сенімді болмасаңыз да, тауар жеткізуге немесе қызметті ұсынуға уәде бере біліңіз. Бірақ артынша оны қалай орындау керегін міндетті түрде жоспарлаңыз. Сіз ұятты мүлдем ұмытуыңыз керексіз.
  1. Бизнес-идеяға тіреліп қалмаңыз.

Марк Кьюбанның пікірінше, әрбір жақсы бизнес-идеяны орындау кезінде тура сондай идея басқа 100 адамда бар және олар өз әрекетін жасап жатыр деп ойлау керек. Көпшілік керемет идея тапқанымен мақтанып жатады. Алайда, тарихқа көз жүгіртер болсақ, жемісті компаниялардың көбісі жаңа идеяға негізделмеген. Google, Microsoft және Facebook та – жаңа идея емес. Тек аталмыш компаниялар міндеттерді жүзеге асыруда басқалардан жоғары деңгейде болды. Мысалы, Генри Форд автокөлікті ойлап тапқан жоқ, ол жай ғана оны басқалардан жақсы істеудің амалын тапты.

  1. Аз оқыңыз, көп әрекет етіңіз.

Марк Мэнсонның айтуы бойынша, мәселені шешу кезінде қандай да бір ақпарат керек болғанда ғана оқыған дұрыс. Жай ғана маркетингті білуім керек екен деп оқи беруден ешнәрсе шықпайды. Мәселен, сіздің жаңа жобаңызға маркетингтік стратегия керек делік. Дәл сол кезде оқысаңыз, ол сіздің миыңызға әлдеқайда қонымды әрі қызықты болады.

Адамдар нақты шешім қабылдап, іс-әрекетке кірісуі тиіс. Көпшілік тек не істеуге болатыны туралы, не істегісі келетіні туралы оқи береді. Есте сақтаңыз, әрекетсіз оқудың ешқандай пайдасы болмайды.

  1. Тексеріңіз, тексеріңіз және тағы да тексеріңіз.

Өз көзіңізбен барлығын көріп, тексермей жатып, сіз ешнәрсені толық білмейсіз. Мен қатысқан маркетингке қатысты кез келген семинарда, мен оқыған әрбір кітапта тауар бағасын көтерген дұрыс делінеді. Дегенмен, менің сайтымда кітаптар сатылымына өткізген сплит-тест кезінде бағасы төмен кітаптар пайданың түсуін төмендеткен жоқ, керісінше, жаңа тұтынушыларды қосып, жақсы пікірлер алып, сайт трафигін көбейтіп жатты.

  1. Эксцентрлі болыңыз.

Сіздің басқалардан ешқандай айырмашылығыңыз болмаса, жұртшылық сұранысына ие болатындай өзгешелігіңіз болмайды. Өзіңіздің кемшіліктеріңіз бен әлсіз жақтарыңызды пайдаға жарата біліңіз.

  1. Әрдайым өзіңіздің брендіңіз туралы ойлаңыз.

Нарықты тек жақсы брендпен ғана басқаруға болады. Сіздің брендіңіз тұтынушылар және сатып алушылармен болатын арақатынасыңыздың қалай жалғасатындығын белгілейді. Дәл осыған байланысты олар тура сондай қызметтеріңізді ұсынатын басқа бәсекелестеріңізге емес, сізге қайтып келеді.

  1. Өнім ғана емес, сезім сыйлай біліңіз.

Стив Джобс Apple өнімдері тұтынушыларға жай ғана функционалды қызмет қана емес, ерекше сезім беруін қалайтын. Бүгінде Apple әлемдегі ең мықты брендке айналып отырғандығы анық. Міне, бренд қалыптастыру да осымен байланысты. Тек ақпарат пен өніммен ғана емес, тұтынушаларға сыйлай алатын сезіммен да қызықтырыңыз.

  1. Істеп жатқан жұмысыңызға сеніңіз.

Ең сорақы жағдайда сіз табысқа жетсеңіз де, сол баяғыдай іш пыстыратын жұмыспен айналысасыз. Бұл жолды сіз өзіңіз құрдыңыз.

  1. Сіздің бизнесіңіз дамиды. Соған рұқсат беріңіз.

Ешкімнің қолынан бірден жақсы нәтиже көрсету келмейді. Екінші рет те, тіпті, жиырма үшінші рет те… Зерттеуші Томас Эдисон мен баскетболист Майкл Джорданды еске алыңыз.

Нарық әрдайым өзгеріп отырады, алдыңғы жылы жүзеге асқан жоспар, осы жолы іске аспай қалуы мүмкін. Нарықпен бірге дамыған күннің өзінде де сіз үнемі табыстың шыңында жүре алмауыңыз мүмкін. Сондықтан бір идеямен немесе бастапқы бизнес-жоспармен ғана шектелмеңіз.

  1. Тим Феррис туралы ұмытыңыз.

Егер сіз аптасына 4 сағат қана жұмыс істер болсаңыз, бизнесіңіздің дамуы он жылға созылады. Одан бөлек сіз талай мүмкіндіктен айырылып, өміріңізді біршама қызықтан айырасыз.

  1. Блог – бизнес-жоспар емес.

Ақша табу үшін блог жазуды бастамаңыз. Жай ғана сізге ұнайтын болғандықтан ғана блогпен жұмыс істеңіз. Ұнайтын заттармен бөлісіңіз. Өзінің контенті арқылы миллион табатын блогерлер бастапқыда жоспар бойынша ақша үшін әрекет еткен жоқ. Тек түрлі жағдайларға байланысты солай нәтиже көрсетті және оған бірнеше жыл уақыт кетті. Айлар емес, жылдар.

  1. Сізге көп уақыт немесе көп ақша керек.

Біреуі болмаса, біреуі болуы шарт. Бірден табысқа жету мүмкін емес.

  1. Бизнес – ақша табу ғана емес.

Бизнестің пайдасы мен құндылығы бар. Егер сіз өзіңізге шынында қызықты әрі бағалы іспен айналысар болсаңыз, жұмыстан ешқашан шаршамайсыз.

  1. Кез келген жағдайдан жақсылық алыңыз.

Кейде аяқ асты сіздің жолыңыз болады, кейде күтпеген жерден сәтсіздікке ұшырайсыз. Бұл өмір заңдылығы ретінде барлығында болатын құбылыс. Шағымданудан немесе барлығы менің арқамда деп менменсуден аулақ болыңыз. Не болса да одан жақсылық пен пайдалы жағын көре біліңіз.

  1. Баяу қабылдап, тез шығарыңыз.

Аутсорсингке қатысты кезде осы қағидатқа ұшырасамыз. Кез келген кәсіпкерде аутсорсинг туралы өзінің қорқынышты оқиғасы болады. Қысқасы, сіз төлегеніңізге байланысты теңдей деңгейде аласыз.

  1. Экзистенциалды күйзеліске дайын болыңыз.

Қарапайым жұмыс кезінде сізді күйзеліске ұшырататын жағдайлар жеткілікті. Мысалы, дедлайндар, кездесулер, тұсаукесер және басшылықтың қысымы. Сіздің баршаға деген ызаңыз ұзаққа созылуы мүмкін. Ал сіз өз-өзіңізге жұмыс істегенде сыртқы қолдауға тәуелді емессіз. Дегенмен, сіздің бойыңызда барлығынан айырылып қалудан қорқатын уайым сезімі болады.

«Иә, мен түске дейін ұйықтай аламын. Мен кез келген уақытта жұмыс істей аламын. Бірақ сіз біреуге жұмыс істегенде сізді бір күні жұмысқа барғанда ғимарат орнында жоқ болады деген қорқыныш сезімі алаңдатпайды. Ал жеке кәсіпкер бұл туралы күніге ойлайды».

  1. Егер сіз ешкімнің ашуына тимесеңіз, бір нәрсені дұрыс істемей жатырсыз.

Дэн Кеннедидің сөзінше, егер түске дейін ешкімді ашуға булықтырмасаңыз, сіз ақша тауып жатқан да жоқсыз. Өз тәжірибем негізінде мен осы пікірмен толық келісемін.

  1. «Барлығын тексеру керектігін айттым ба?!»

Расымен де, бизнесіңізді дамытатын іс-әрекеттердің жартысынан көбін нарықтағы идеяны үнемі тексеріп отырмай жүзеге асыру мүмкін емес. Тіпті, өз идеяңызды тексермей, бизнесіңізді бастауға асықпаңыз.

  1. Ешқашан 20/80 ережесін естен шығармаңыз.

Таң қаларлық, бірақ бұл барлық салада жұмыс істейтін ереже.

  1. 1000 нағыз тұтынушыны табу.

Бірнеше жыл бұрын Кевин Келли ғаламтор арқылы жұмыс істейтін жазушылар мен жас шығармашыл адамдар үшін қарапайым концепцияны ұсынды. Жылына 100 доллар ақша беретін 1000 адамды көндірсеңіз болды, сіздің табысыңыз айтарлықтай өседі. Осының арқасында сіз қарапайым нан алуға ақша табу ғана емес, бизнесті дамытуға мүмкіндік аласыз. Егер сіз қызмет пен консалтинг саласында істер болсаңыз, 100 нағыз тұтынушы ережесіне ұқсатуға болады.

  1. Корпоративті әлемдегідей, нетворкинг – бұл барлығы.

Нетворкинг арқылы сөйлесу мен қарым-қатынас жасауды қалап келтіреміз. Бұл жаңа тұтынушылар табудың және жұмыс туралы жаңа ұсыныстарға ие болудың тамаша мүмкіндігі. Кәсіпкерлер әлемінде нетворкинг басқа бизнесмендердің жұмысымен, идеясымен танысуға жол ашады.

  1. Өзіңізді таныңыз.

Мен түнде жақсырақ жұмыс істеймін. Тізім жасауды жек көремін, жазған күнде де оған қарамаймын да. Өзімнің уақытымды iTunes плейлисті арқылы басқарамын. Маған жұмысқа жақсы әсер ететін іс-әрекеттердің көбісін сіз тайм-менеджмент кеңесінің тізімінен таппайсыз. Бірақ мен солай істеймін, жеке маған көмек беретін жағдайлармен ғана жүремін. Ал сіз өзіңізге лайықты іс-әрекеттермен жүріңіз.

  1. 1000 күннің қағидасы.

1000 күннің қағидасы бойынша, өз бизнесіңізді бастаған күннен бастап 1000 күн сіздің жұмысыңыз қарапайым жұмысқа қарағанда нашар жүретін болады.

  1. Егер сіз өзіңізді жұмыстағыдай сезінсеңіз, ол дұрыс емес.

Сіз жақсы көретін нәрсеңізбен айналысу үшін ақша таба аласыз. Не болмаса, керісінше, өзіңіздің ұнататын ісіңізбен айналысып, ақша таба аласыз. Таңдау сізден.

  1. Бірден бай болуға асықпаңыз.

Тез пайда табу үшін барлығы мүмкін жолмен әрекет ету – сіздің брендіңіздің келешегіне балта шауып, тұтынушылардың сенімінен айырып, сіздің бизнесіңізді ең бастапқы қалыпқа қайта алып келуі әбден мүмкін. Сіз айналысатын ісіңізді сүйіп, әрдайым оның дамуына уақытымен әрі тиісті деңгейде инвестиция жасап отырсаңыз болғаны.

  1. Көп сөйлеуді қойып, алға жүріңіз және тексеріңіз.

Менде сіз үшін жауап жоқ. Сізде де жауап жоқ. Одан да тексеріңіз де, жауабын біліңіз!

  1. Егер толығымен күйзеліске ұшырау сізді қатты қорқытпаса, сіз бірнәрсені дұрыс істемей жатырсыз.

Көзімнің жеткені, мені бір нәрсе қатты қорқытса, мен соны тезірек орындауға тырысамын.

  1. Тұтынушыларға отбасы мүшесі ретінде қараңдар.

Олар – сіздің осы іспен айналысуыңыздың басты себебі. Оларға құрметпен қараңыз. Олардың сұрақтарына, өтініштеріне барынша жылдам жауап беруге тырысыңыз. Тұтынушыларға тегін сыйлықтар жасауды ұмытпаңыз.

  1. Бизнес сіздің жаныңыздың бір бөлігіне айналады, сондықтан ақылмен таңдаңыз.

«Мен көп ақша табу үшін осы іспен бірнеше жыл айналысамын, кейіннен шынымен де жақсы көретін ісіммен айналысамын»,- бұл – ешқашан жұмыс істемейтін үдеріс. Бұл – аңыз. Басында Марк Мэнсон бизнеске дәл осылай түсіп, осы жолмен жүрген басқа да кәсіпкерлерді көрген. Түбінде қалайтын немесе қаламайтындығыма қарамай, ғаламтор-маркетингте мансап құрғанымды мойындау керек болды және оны қабылдадым. Осы мансапқа байланып қалғаннан кейін өзімнің активтерімді шынымен де қызығатын және ұнататын ісіме айналдырдым. Өзімнің сайтымның алғашқы нұсқасын жасап шығарғанда мен басқа бизнес бастамаларымнан бас тарттым. Менің айлық табысым бірден жартысына қысқарды. Бірақ бұл айналысқым келген сүйікті ісім екенін түсініп, болашағымды осы бизнеспен байланыстырдым.

7kun.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
6 жыл бұрын 4049
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232