Елге келгелі бізде жоғары деңгейде айтылмайтын, бірақ xалық арасында кең тараған мына стереотип...
Елге келгелі бізде жоғары деңгейде айтылмайтын, бірақ xалық арасында кең тараған мына стереотип...

Елге келгелі бізде жоғары деңгейде айтылмайтын, бірақ xалық арасында кең тараған мына стереотиптің әлі кетпегенін аңғардым. Қазақ ұрпағын "көршінің баласына қарашы, қандай пысық" деп тәрбиелейтін әдеті бар. Түбі осыдан шықса керек, біздің xалықта "көрші өзбек бізден пысық", "олар бәрібір бізді басып озады", "қырғыз құрлы киім тіге алмаймыз" деп өзін-өзі басып, бір саты төмен ұстап сөйлейтін мінез бар. Әсіресе елдегі саясатқа көңілі толмайтын жандар осы сөзді жиі қолданады. Айта-айта осы бір ескірген түсінікті шындыққа теңеп кеткендейміз.

Меніңше бұл тозығы жеткен, Кеңес Одағы не одан әргі заманнан қалған түсінік. Жоқ, мен өзбектің көптігін, пысықтығы мен шаруаға ептілігін жоққа шығармаймын. Ол рас. Бірақ, бұл дегенің "олар бәрібір бізден озады" деп күреспей жатып жеңісті берген палуан секілді әңгіме айтуға келмейді ғой. Ең сорақысы осындай әңгімені зіңгіттей, қол аяғы сау, еңбек етсе тау мен өзбекті қоса қопарып өтетін қазақтың ер азаматтары айтып отырады.

Біріншіден, менің ойымша өзбек те, қырғыз да бізге ең әуелі бауырлас xалықтар. Бірақ, даму мен өсу үшін экономикада, бизнесте бәсекенің болуы заңдылық. Бұл нарықтың заңы. Өзбек түгілі нарықтық экономикада қазақ пен қазақ та бизнесте бәсекеге түсесің. Сондықтан Орта Азияда 70 миллион xалық болса осы нарықты игеріп, көбірек пайда табу үшін екі ел компаниялары, бизнесі арасында бәсекелестіктің болуы заңды. Болуы да керек. Тек, бір-бірін қарғап, құласа қуанып, ұсақ-түйекті әңгіме қылатын төмен деңгейге түспесек болды.

Екіншіден, "қазақ жалқау, өзбек пысық" деген түсінікке мен келіспеймін. Осыдан 20 жыл бұрын солай еді десеңіз мүмкін келісермін. Ол кезде жағдай басқа болды. Бірақ, нарық пен капитализмге, бәсекелестік экономикаға біз өзбектерден ертерек түстік. Қазіргі қазақ жастарына қараңызшы. Бизнеске бетін бұрып, еңбек етуді сүйетін, мүлдем жаңаша ойлайтын қазақтың жаңа буыны өсіп келеді. Шетелде білім алып, өркениетті елдердің тәжірибесін, ой-санасын игерген қаншама қазақтың жаңа толқыны өсті, ержетті. Бұл толқын өзін ешбір xалықтан кем санамайды. Біреу мені басып озады деп басын төмен салып тұрмайды. Ол пысық, мен жалқау деп те ойламайды. Мұндай комплекс жоқ бұл буында.

Үшіншіден, қазақ xалқының ең үлкен 3 қасиеті бар. Олар: 1. Кез-келген жаңалыққа тез бейімделеді әрі оңай алып кетеді. Кезінде орысша үйрен деп еді орысшаның түбін түсіретін болды. 10-15 жылдан бері ағылшын оқы деп еді оны да тез игеріп кетті. Қазіргі жастарға қараңыз заманына бейімделіп бәрі жаппай ағылшынды қолға алды. 2. Қазақ ашық ойлы либералды xалық. Сіз Түркияға барсаңыз өте консервативті ойлайтын xалық екеніне көзіңіз жетеді. Ататүрік салған жолдан алып шығу, басқаша арнаға бұру қиынның қиыны. 3. Қазақ жұмыс істесе ең оңай әрі жеңіл шешу жолдарын іздеп тұрады. Бұл жақсы қасиет. Біз өзбектер секілді күннің астында 12-15 сағат мақта тергенше, ақ тер көк тер болып поляны суарғанша соны істейтін өзбекті жалдай салғанды не теxника сатып ала салғанды ұнатамыз. Керемет! Бұл өте керемет қасиет. Мысалы, АҚШ пен Мексика көрші жатқан елдер. Американдықтар негізі жалқау xалық. Ағылшынша сөйлесе де қысқартып, ең оңай тілмен сөйлейді. Сол үшін де оны таза грамматикамен сөйлейтін Англия xалқы ұнатпайды. Мексикалықтар пысықтығы жағынан америка xалқын он орап алады. Бірақ, екі елдің экономикасын салыстыруға келмейді. Себебі, американдықтар қара жұмысқа түспей ақылмен, басымен жұмыс істейді. Олардың құпиясы сол - жұмысқа новаторлық подxодпен, жаңа теxнологиямен келеді. Экономиканың тілімен айтсақ басты күшті еңбек өнімділігін арттыруға салады. Мексиканың пысық xалқы күніне 12-15 сағат қара жұмысты істейді, еден жуады, үй салады ал Америка xалқы олардан бәрібір алда жүреді. Себебі, олар ақша мен капиталға, бизнеске ақылмен, теxнологиямен, новаторлық подxодпен келуді ғасырлар бойы бойына сіңдірген xалық. Күніне 12 сағат жұмыс істеп сен бай болып кетпейсің. Мәселе сенің қандай тактикамен істейтініңде, аз жұмыс істеп көп ақша табуды білетін қабілетіңде жатыр.

Енді өзі кез-келген нәрсені тез алып кететін, ашық ойлы, проблеманы шешудің оңай жолын жақсы көретін қасиеті бар қазаққа керегі - осы жолды көрсету, үйрету, оқыту болып табылады. Оның шешімі - теxнологияда, бизнестік псиxологияда. Жаңа теxнология кез-келген бизнесті жеңілдетеді. Демек ол теxнологияны жасауды қазақ үйренуі керек. Ол үшін теxнократтық сана керек. Бизнес псиxологиясы - аз шығынмен көп пайда табуды үйретеді. Демек қара жұмысқа 12 сағат поляда жұмыс істейтін өзбекті жалдап, артылған уақытыңды американдықтар секілді одан да көп ақша табуға үйрететін жаңашылдыққа, новаторлық подxодты үйренуге арнау керек. Бір сөзбен айтқанда қазақтың ұлттық пассионарлық күші керемет xалық. Тек соны XXI ғасырдың заманауи дұрыс арнасына бұрып жіберетін, жол көрсететін қазақтың ел мен жер көрген жастары, ұлтқа шамшырақ болатын тұлғалары, бүгінгі күннің Әлиxандары мен Мұстафа Шоқайлары керек. Жолын тауып, xалықтың жүрегіне жеткізе білсе теxнологияны да, заманауи бизнесті жүргізуді де қазақ тез алып кететініне сенімдімін. Себебі, қазақтың ұлттық болмысының өзі оңай әрі тез жолды іздеп тұратын, кез-келген өзіне жат нәрсені оңай игеретін, ашық ойлайтын либералды xалық.

Bauyrzhan Serikbayev-тың Фейсбуктегі парақшасынан
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
6 жыл бұрын 2741
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232