Есімі белгісіз кәсіпкер 240 науқас балаға тегін мүгедек арбасын сыйлады (фото)
Есімі белгісіз алматылық кәсіпкер 240 науқас балаға тегін мүгедек арбасын сыйлады. Тегін сыйлықтан алаяқтар да пайда көрмек болған. Бұл туралы атын айтудан бас тартқан кәсіпкердің көмекшісі NUR.KZ- ке хабарлады. «Балаларға арналған мүгедек арбасын тарату жұмысы маған тапсырылды. 1 ай ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысының ауруханаларын, емдеу мекемелерін аралап мұқтаж жандарға арба тарту еттік. Ата-аналар мен балалардың қуанғанын көрсеңіз, сөз жетпейді. Біз басында 240 дананы Республика бойынша таратамыз деп ойлағам. Шын мәнісінде науқас балалар елімізде...