Таңғажайып көрініс: Құмырсқа илеуінің ішкі құрылысы қандай (видео)
Сіз құмырсқа илеуінің ішкі құрылысын көріп пе едіңіз? Ер адам құмырсқаның илеуін бұзып, оның ішкі жағы қалай жасалатынын көрсетті. Ол сұйытылған алюминийді құмырсқаның илеуіне құйды. Ыстықтан илеу ішінен құмырсқалар шыға бастайды. Металл қата бастағанда, илеуді бұзып күрекпен қазады. Илеу ішінің көп тесіктерге бөлінгені соншалық, алюминий әр тесікке құйылып қатып қалған. Алюминийдің өзін жеке қазып алып, топырағын сумен шайып тастағанда оның ескерткіш зат секілі құйылғаны байқалады. Әрі ағаш бұтақтары секілді көрінеді. Биікті 45 см құрады. stan.kz