НАМАЗЫ ЖОҚҚА 15 ТҮРЛІ ЖАЗА БАР
НАМАЗЫ ЖОҚҚА 15 ТҮРЛІ ЖАЗА БАР

Пайғамбарымыздың ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім намазға жалқаулық етіп, немқұрайлы қараса, ол адамға Алла тағала 15-түрлі жаза береді. Олардың 6-уы осы дүниеде. 3-уі өлер кезде қабірде. 3-уі қабірден шыққан соң», - делінген.

Осы дүниеде алатын 6-жаза:

1. Ол кісінің дүниесінде, өмірінде береке болмас.
2. Алла Тағала ол кісінің жүзінен нұрын кетірер.
3. Істеген істеріне сауап жазылмас.
4. Алла Тағала ол кісінің дұғасын аспанға көтермейді.
5. Осы дүниеде адамдар арасында абыройсыз болар.
6. Ол кісі үшін біреудің еткен дұғасы қабыл болмас.

Жан тапсырар кездегі 3 жаза:

1. Жан тапсырар кезде қатты қиналар.

2. Барша дүниенің тамағын берсең де аш болып өлер.
3. Дүниедегі бар теңіздің суын берсең де, сусап, шөлдеп өлер.

Қабірде көретін 3 түрлі жаза:

1. Қабірі тар болар.
2. Қабірінің іші от болар.
3. Қабірде «шужағу-л ақрағ» деген жылан шағып азаптар.


Оның көзі оттан, тырнағы темірден, тырнағының ұзындығы бір күндік жолдай, даусы күркілдеген күндей қатты болар. Ол айтар: «Алла Тағала сені таң намазын оқымағаның үшін бесін намазына дейін, бесін намазын оқымағаның үшін аср намазына дейін, аср намазын оқымағаның үшін шам намазына дейін, шам намазын оқымағаның үшін құптан намазына дейін тұрып азаптауды бұйырды». Азаптаушы жылан әрбір ұрғанында күнәһар адам алпыс қарыс жердің астына дейін кіріп кетер. Жылан тырнағын қайта суытып алып, қайта ұрар. Осылайша қиямет күніне дейін намаз оқымаған адамды азапқа салар.

Қиямет күні көретін үш түрлі азабы:

1. Ол кісінің жүзін қатты отқа күйдірер.
2. Есеп-қисап берер кезде Алла тағала ашулы көзбен қарар.
3. Алла тағала ол кісіге қатты есеп қылар да, тозақ отына тастауға әмір етер.

НА­МАЗ ОҚЫ­МА­ҒАН ЖАН­НЫҢ ҮКІ­МІ ҚАН­ДАЙ БОЛМАҚ?

На­маз­дың ақыл­ды, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, хайыз бен ни­фас­тан та­за­лан­ған мұ­сыл­ман­дар­ға па­рыз еке­ні жайлы ауыз­бір­лік бар. На­маз бен ора­за се­кіл­ді тән­дік ғи­ба­дат­тар­да өкіл­дік іс­ке ас­пайды. На­маз­дың па­рыз­ды­ғын те­ріс­ке шы­ғар­ған дін­нен шы­ға­ды. Өйтке­ні, на­маз ай­қын аят, ха­дис жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Жал­қау­лық, нем­құ­райлы­лық се­бе­бі­мен на­маз­ды тас­та­ған кү­нә­кар жә­не па­сық бо­ла­ды.

На­маз оқы­мау – дү­ние мен ақы­рет аза­бы­на се­беп. Ақы­рет­те­гі азап ту­ра­лы Құ­ран­да бы­лай айты­ла­ды: «Олар жән­нат­та тұ­рып кү­нә­кар­лар­дан: «Са­қар жа­һан­нам­ға тү­су­ле­рі­ңе нен­дей се­беп бол­ды?» – деп сұ­райды. Сон­да олар: «Біз на­маз оқы­май­тын едік», – деп жауап қа­та­ды»109. Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Әдейі на­маз­ды тас­та­ған адам­ға Алла пен Пай­ғам­бар­дың кө­ме­гі бол­майды»,110 – дейді. «Кім­де-кім жұ­ма на­ма­зы­на нем­құ­райлы­лық­пен қа­рап, оны үш рет тәрк ет­се, Алла Та­ға­ла оның жү­ре­гі­не мөр ба­са­ды».111

Имам Ағ­зам мәз­һа­бы бойын­ша, жал­қау­лық жа­сап, на­маз­ды тас­та­ған адам, на­маз­дың па­рыз­ды­ғын те­ріс­ке шы­ғар­майын­ша, дін­нен шық­пайды. Бі­рақ кү­нә­кар, па­сық бо­ла­ды. Оған на­маз жайлы ес­кер­ті­ліп, на­си­хат еті­ле­ді не­ме­се тәр­бие үшін жа­за бе­рі­ле­ді112.

Кім­де-кім на­ма­зын ұмы­тып не­ме­се ұйық­тап қал­са яки жал­қау­лық­пен оқы­ма­са, сол оқы­ма­ған на­маз­да­ры­ның қа­за­сын мін­дет­ті түр­де оқи­ды. Ха­дис­те: «Кім­де-кім ұйық­тап қа­лып, ұмы­тып на­ма­зын оқи ал­ма­са, ес­ке түс­кен сәт­те де­реу оқы­сын».113

На­маз – өте ма­ңыз­ды мә­се­ле. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Қия­мет кү­ні адам­ның ал­ғаш есеп­ке тар­ты­ла­ты­ны – па­рыз на­ма­зы. Егер осы на­маз­ды то­лық орын­да­са, нет­кен та­ма­ша?! Ке­рі­сін­ше жағ­дайда: «Қа­раң­дар, нә­піл на­ма­зы бар ма екен? Егер нә­піл на­ма­зы бол­са, па­рыз­дар­дың ке­міс­ті­гін осы на­маз­дар­мен тол­ты­рың­дар. Бұ­дан кейін­гі бас­қа па­рыз­дар да дәл осы­лай жа­са­ла­ды», – деп айты­ла­ды114.

«На­маз – жү­рек пен рух­тың ты­ны­ғуы, ар-ож­дан­ның сейіл құруы. Әр­кім­нің әл­сіз­ді­гі мен құ­мар­лы­ғы бар. Аллаһ Ел­ші­сі­нің аса ын­тық құ­мар­лы­ғы на­маз­ға ар­нал­ған еді»115. Сол үшін де әр­бір на­маз­дың уақы­тын­да Бі­ләл­ға қа­рап: «Бі­ләл, жа­ны­мыз­ды ра­қат­қа бө­ле! (Жан­са­райы­мыз­ды кеңейтші!)»116, – дей­тін. «На­маз – кө­зім­нің қа­ра­шы­ғы»117, – деуі осы ерек­ше­лік­ті көр­се­те­ді.

Сон­дық­тан, біз­дің жән­нат­қа кір­ген кез­де се­зі­не­тін ға­жайып се­зім мен қуа­ныш­ты Аллаһ Ел­ші­сі әр­бір на­ма­зын оқы­ған­да се­зіп, ке­ле­сі на­маз­ды аса ын­тық кө­ңіл­мен кү­те­тін. На­маз – адам­ды миғ­раж­ға һәм то­лық адам шы­ңы­на же­ту жол­да­рын көр­се­тіп, жөн­ге са­ла­тын ма­ңыз­ды ғи­ба­дат. Ол – мұ­сыл­ман­ның миғ­ра­жы. На­маз – дін­нің ті­ре­гі118. Дін ке­ме­сін на­маз жүр­гі­зе­ді. Он­сыз мүм­кін емес. На­маз өзі же­ке­лей ес­кер­ту­ші бо­луы­мен қа­тар, оның орын­да­луы да дәл со­лай ес­кер­ту­ші ре­тін­де іс­ке асуы ке­рек. Адам на­ма­зын жү­ре­гі мен се­зім­де­рін бар­лық нәр­се­лер­ден ау­лақ ұс­тап, оқуы қа­жет. Сол үшін адам­ның дә­рет қыс­қан сәт­те на­маз оқуы жақ­сы са­нал­ма­ған119. Иә, адам ойын осын­дай нәр­се ма­за­ла­ған шақ­та на­маз­ға тұр­ма­ға­ны жөн. Сол сәт­те адам­ның ойы екі нәр­се­ні ой­лайды. Ал мұн­дай жағ­дайда адам кө­бі­не­се ма­ңыз­ды нәр­се­лер­ден айры­лып қа­ла­ды. Со­ны­мен қа­тар, мұн­дай бір жағ­дайда на­маз оқу – на­маз­ды тө­мен санау. Өйтке­ні, ол де­реу өт­кі­зіп жі­бе­ре­тін­дей же­ңіл іс емес. Же­ңіл-жел­пі оқи са­ла­тын жағ­дай емес, ке­рі­сін­ше өмі­рі­міз­ді нұр­лан­ды­рып, ра­қат­қа бө­лей­тін екі дү­ние игі­лі­гі.

Жү­рек­пен, ыс­тық ықы­лас­пен на­маз оқу үшін жа­са­ла­тын бар­лық дайын­дық­тар да дәл на­маз оқу се­кіл­ді сауап әке­ле­ді. Сол үшін адам әуелі ар­тық нәр­се­лер­ді тас­тап, на­маз­да өзін алаң­да­та­тын бар­лық нәр­се­лер­ден бойын ау­лақ ұс­тап, на­маз­ға ықы­лас­пен тұ­руы тиіс. На­маз­ға тұ­ру сә­ті­не дейін бол­ған бар­лық са­ты­лар сол адам­ға сауап ре­тін­де жа­зы­ла­ды. Оның ниеті – алаң­сыз бе­рі­ліп на­маз оқу. Ал мұ­сыл­ман­ның ниеті – жа­са­ған ісі­нен жақ­сы120. Көз са­лайық. Бас­қа жан­дар осы қа­жет­ті­лік­те­рін жа­са­ған­да тек қа­жет­ті­лі­гін іс­ке асы­ру­мен ға­на шек­те­ле­ді, ал мұ­сыл­ман­ның әжет­ха­на­ға ба­руы да сауап әке­ле­ді. Дә­рет алу­дан бұ­рын бір­не­ше қа­дам жү­руі де, дә­рет алу үшін аз­дап кі­ді­руі де оған сауап.

Қа­жет­ті­лік­тің өте­луі мен дә­рет­тің алы­нуы адам­ды рух жа­ғы­нан на­маз­ға дайын­дауы тұр­ғы­сы­нан өте ма­ңыз­ды. Мейлі, бұл дә­рет мү­ше­ле­рі­нің жуылуы ке­зін­де де­не­де­гі қоз­ға­лыс­тың ба­ғыт ауыс­ты­руы, мейлі бас­қа да ай­тып тү­сін­дір­ген се­беп­тер бол­сын, нә­ти­же өз­гер­мейді. Мұ­сыл­ман дә­рет ал­ған кез­де, бұл се­кіл­ді пайда­лар­ды ес­ке­ріп, ой­лап та жат­пайды. Ол дә­рет­ті не үшін ал­са, тек қа­на со­ны ой­лайды. Ойла­ған нәр­се­лер­дің ара­сын­да ең бі­рін­ші ке­зек­ке на­маз­ды қояды.

Дә­рет үшін дайын­дық – ес­кер­ту­дің бі­рін­ші­сі, дә­рет – екін­ші­сі. Со­дан кейін азан айты­лып, үшін­ші рет на­маз оқу­ды ес­кер­те­ді. Не­гі­зін­де дә­рет алып жат­қан кез­де һәм дә­рет­тен кейін сүн­нет ре­тін­де қал­ған су­ды ішу, дұ­ға оқу се­кіл­ді сүн­нет­тер­ді орын­да­ған кез­де адам­ның жан-дү­ниесі мен ру­хы әр­қа­шан ақы­рет әле­мі­не кі­ре­ді. Ар­тын­ша бұ­ған сүн­нет на­ма­зы қо­сыл­ған кез­де, адам па­рыз­ды оқу­ға то­лық дайын тұ­ра­ды.

Иә, па­рыз на­маз­ға жа­сал­ған дайындығымыздың барлығы біз­ді жан дү­ние­міз­бен шынайы бе­рі­ліп, бейне бір Аллаһ­ты кө­ріп тұр­ған­дай на­маз оқу­ға ша­қы­ра­ды. Ал­ды­мен мұ­на­ра­лар­дан жаң­ғы­рып, Аллаһ­тың ұлы­лы­ғын әлем­ге паш ет­кен сол бір дауыс кө­ңіл-күйі­міз­ді тол­қы­тып әке­тіп, біз Аллаһ­тың ұлы­лы­ғын жү­ре­гі­міз­бен се­зе­міз. Ба­ра­тын ме­шіт­ке же­ту­ге асы­ғып, қа­дам­да­ры­мыз­ды мы­ғым­дай бас­тай­мыз. Осы­лайша азан­мен, жы­рақ­тан кел­ген ша­қы­ру­ға жауап бер­ген­дей қозғалысымызды артты­ра тү­се­міз. Азан бі­ту­ге таян­ған сәт­те біз де еріп ке­те ба­ра­мыз. Ме­шіт­ке ба­рып нә­піл на­маз­ға тұ­ра­мыз. Біз бейне бір нә­піл на­ма­зы­мыз­бен бет бұ­рып, Раб­бы­мыз­ға бы­лай деуді қа­ла­ған­дай­мыз: «Аллаһым, ар­қа­шан жү­зім­ді са­ған бұ­райын. Із­де­ге­нім­ді се­нен та­байын… Се­ні кө­ріп, Се­ні ес­тиін. Әрқа­шан жат­сам да, отыр­сам да, тұр­сам да есім­нен кет­пей Се­ні ой­лайын, Се­ні зі­кір етейін. Өйтке­ні, Се­нен өз­ге­ге бет бұ­ру, бас­қа­лар­ды кө­ру, бас­қа нәр­се­лер­мен айна­лы­су­дың бә­рі де тү­гел бос әуре­ші­лік. Мен бос нәр­се­лер­ден қа­шып, өте ма­ңыз­ды бір нәр­се­ге жү­зім­ді бұ­ра­мын». Нә­піл­де мұн­ша­ма ты­ры­сып, Хақ­тың есі­гін қа­ғып, па­рыз­ға тү­гел­дей са­на­лы түр­де бас қоюға ты­ры­су – па­рыз­ға те­рең кө­ңіл қою үшін өте ма­ңыз­ды. Дә­рет әсер ет­кен еді. Азан да әсер ет­ті. Нә­піл­мен де үшін­ші қа­дам­ды ат­та­дық. Мі­не, дәл осы кез­де, қо­ңыр даусы­мен азан­шы ыс­тық ықы­ла­сы­мен Аллаһ­қа бет бұ­рып, тәк­бір айтады. Бұл біз­ді қат­ты тол­қы­ту­ға се­беп­кер ең соң­ғы әсер­лі де нұр­лы сөз­дер еді. Дәл осы сәт­те адам­ның жан дү­ниесі тол­қып, Аллаһ Та­ға­ла­ға тү­гел бе­рі­ліп жү­зін бұ­рып, «Мих­ра­бым қайда­сың» деп іш­тей те­рең жы­лай ал­ма­са, ол адам­да нұқ­сан­дық бар. Азан­шы тәк­бір айтып, Аллаһ­тан бас­қа адам­ды ма­за­лай­тын бар­лық нәр­се­ге соң­ғы рет соқ­қы бе­ріп, құл «Аллаһу әк­бар» деп на­маз­ға ой­мен кі­ріп, рү­куғ­ке, сәж­де­ге бар­ған кез­де де осы сөз­ді қайта­лап айта­ды. Осы­лайша на­маз­дың әр­бір ба­сын­да Раб­бтың ұлы­лы­ғын, өзі­нің кі­ші­лі­гін паш етіп: «Раб­бым, Сен ұлы­сың, мен бол­сам кі­ші­мін», – деп Оның ал­дын­да то­лық құл­шы­лық са­на­сы­мен бас иіп, те­рең ойға ба­та­ды».121

109 Мүддәссир, 74/40-43.\

110 Бухари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15.

111 Насаи, Жума, 2; Тирмизи, Жума, 7; Ибн Мажа, Иқама, 93.

112 Ибн Абидин, I. 32.

113 Әбу Дәәуд, Салат, 11, Ибн Мажә, Салат, 10, Насаи, Мауақит, 53.

114 Әбу Дәәуд, Уитр, 2; Насаи, Салат, 6; Дарими, Әбу Мухаммәд ибн Абдуррахман, Сунән, Египет. т. Салат, 208; Малик ибн Әнас, Муатта, Египет, Салатул-Лайл, 14.+

115 Мәжмауз-Зәуәид, 2/271.

116 Әбу Дәәуд, Әдәб, 87; Муснәд, 5/364-371.

117 Нәсәи, Нисә, 1; Муснәд, 3/128.

118 Кәнзул-Уммал, 7/284.

119 Ибн Маже, Таһарат, 114; Муснәд, 5/250.

120 Мәжма'уз-Зәуәйд, 1/61, 109.

121 М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар − ғаламның рақым нұры. Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен) 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 5108
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232