Құндылықтар қақтығысы: «баста ми, қолда малға талас қылған»...
ХХ ғасырдың соңы, жаһандағы басты жаңалық жарты әлемге үстемдігін жүргізген коммунистік режимнің ыдырауы болды. Он бес одақтас мемлекеттен құралған кеңестік империяның құлауы, оның құрамында болған республикалардың тәуелсіздік алуына жол ашты. Кеңес үкіметі құлаған тұста, батыс ғалымдарының талдауларында «Тарихтың соңы» деген концептуалды пікір қалыптасты. Мұны алғаш көтерген тегі орыс, француз философы Александр Кожев болатын. «Тарихтың соңы» идеясы әлемдік қауіп көзіне айналған алып режимдер күйрегеннен кейін, тарихты жасаушы күштер жойылып, демократиялық келісім жолымен өмір сүретін заман...