Түркістан тұрғыны өзен бойынан жасанды көл қазып, балық өсіруде
Dalanews.kz және «Шеврон» компаниясының «Self-Made-Топжарғандар» жобасының бүгінгі кейіпкері – балықшы Құдияр. Осынау жоба аясында Dalanews.kz тілшісі Түркістан облысы Келес ауданына барды. Біраз шаруашылық пен өндіріс ошақтарын аралап, еңбегінің зейнетін көріп отырған шаруалармен сұхбаттасу сәті түсті. Солардың арасында жас кәсіпкер Құдияр Тастановтың қолға алған ісі назарымызды аударды. Үлкен істі қолға алған жас жігіт Келес өзенінің бойынан бірнеше жасанды көлдер қазып, балық шаруашылығын дамытып отыр екен. Кездесу барысында Құдияр шаруашылығы жайында жан-жақты әңгімелеп берді....