Қанат ескендірдің Кигіз кітабынан - "Планария"
Қанат ескендірдің Кигіз кітабынан - "Планария"
Мынау "Планария" деп аталатын шылаушын құрт. Суда өмір сүретін паразит. Бұл иттің баласын бір сөзбен "Терминатор-құрт" деп те атауға болады. Жаны сірі өлерменнің нақ өзі!
Планарияны ғалымдар көлденең де, тігінен де, басын да, құйрығын да, не керек, 279 бөлшекке бөліп, турап тастаған. Тіпті, ғарышқа апарып, космоста да бөлшектеген. Итің қайтадан дым болмағандай тіріліп кетіп отырған. Амалы таусылған оқымыстылар бұ құртты өлесі мас қылып та, бөлшектеп көрген.., қайтадан тіріліп кететін көрінеді...
Ол ол ма.., бұл бәле суда жалғыз жатып іші пысса, өз-өзінен екіге бөлініп, бір жартысы - еркек, екінші жартысы - ұрғашы боп.., өзара көбейе салады екен. Тіпті, ара-арасында өз еркімен ашығып, әжептәуір арықтайды екен де, өзінің тіні арқылы қайта жасарып.., мәңгі өмір сүре беретін көрінеді.
Планарияның көзі бар екен. Ғалымдар оның көзіне өткір жарықты түсіріп, артынша токпен ұрып көрген. Бірнеше рет бұл тәжірибені қайталағаннан кейін, ғалымдар токпен соқпай, тек жарықты түсіріп байқаған ғой.., сөйтсе, планарияңыз көзіне жарық түссе "енді токпен соғатын шығар" деп қашатын көрінеді.
Бұл құрттың ақылдылығына таң қалған ғалымдар планаридің басын шауып тастап, денесін басқа ыдыста сақтап көріпті. Біршама уақыттан кейін, құйрық жағынан жаңа бас өсіп шыққаннан соң, оған да өткір жарықты түсірсе.., жаңа планария да "ток соға ма" деп қашатын көрінеді. Яғни, оның есте сақтау жады басында емес, бүкіл денесінде сияқты.
Ой, Алла-ай! Планарияның шабылған басын жеп қойған өзге планария оның басынан өткерген алдыңғы тағдырын дәп бір өз басынан өткергендей, бүкіл ақпаратты көшіріп алатын да қасиеті бар екен.
Бір сөзбен айтқанда, нағыз Терминатор немесе жатпланеталық жаратылыс!
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
5 месяцев назад 1062
0 комментариев
О блоге
0
1494433 206 535 4879 232