Саумал 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, адамға зиян болуы мүмкін. Өкпе зақымданғанда қымыз бен шұбаттың пайдасы бар ма?
Ол кезде саумал асқазанға ауыр болып, іш жүргізіп, адамды құстыртуы мүмкін. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзінің тілшісі Назгүл Ержанқызының материалынан біле аласыздар: Саумалға сұраныс артқаны соншалықты жаңа сауылған бие сүтін ішу үшін алматылықтар түнгі бірден бастап кезекте тұрады. Соның өзінде жетпей қалып жатады екен. Иммунитетті көтеруде пайдасы зор деген олар қала маңындағы бие ұстайтын шаруа қожалықтарына келеді. Оның арасында өзге ұлт өкілдері де бар. – Түнгі бірден бастап келеді. Таңертеңгі алтыдан бастап келгендер 11-де саумалды әрең ішеді. Кезегімізді 5-6 сағаттап күтеміз,-...