Темекі жарнамасындағы жарқын бейненің соңғы өсиеті

Мальборо темекісінің жарнамасына түскен кіші Дэвид Миллар 1987 жылы тыныс алу жолдарының эмфиземасымен күресе алмай қайтыс болды. Оның жолын жалғастырушы Дэвид Маклин 12 жыл темекі шегіп, ақырында 1995 жылы тыныс алу жолдарының рагынан көз жұмды. Бірақ, осы жарнамаға түскен тұлғалардың ең танымалы голливуд актеры, каскадер, "өлім ковбойы" деп те аталып кеткен болатын. 20 жыл бойы осы бір сауда маркасын көпшілікке таныстырып жүрді. Оның аты Уэйн МакЛарен. 24 жасынан темекінің жарнамасына түсуді бастаған.  

Уэйн МакЛарен (Wayne McLaren)

Уэйн МакЛарен 25 жыл бойы күніне 30 қорап темекіден шегіп отырған. Жасы 51-ге таяғанда қайтыс болды. Өмірінің соңғы жылдары қатты қиналды. Ауруы жанына батып, одан сайын азап шеге берді. Химиятерапия, сәулелік терапия, тыныс алу жолдарының ампутациясы секілді ем-дом жолдарын да көріп еді, бірақ одан ештеңе шықпады.  

Күндердің күнінде Уэйн МакЛарен онкодиспансерге түседі, содан өлімнің жақын қалғанын бір-ақ біледі. Уэйн МакЛарен өзіне аты жаман диагноз қойылған 1990 жылдан бастап, шылым шегуге қарсы топтың белсендісі болып шыға келеді. Актер темекі жарнамасында басты рөлді сомдағаны үшін өкінетіндігін өлерден бұрын түскен видеоролик арқылы айтып кетті. Сонымен Уэйн МакЛарен жаны кеудесінде тұрғанда қандай өсиет айтып кетті? Ол мына өсиетті қалдырған болатын: 

"Балалар, сақ болыңдар! Менің жасап жүргенім түбіме жетті. Өміріңнің соңғы айларын ауруы асқынғандар бөлімінде өткізуден жаман нәрсе жоқ шығар. Темекі сендердің түптеріңе жетеді, оның дәлелі - менмін". 

Бірақ, кейіннен бұл өсиеттер тележарнамаларда бірауыз сөз болған жоқ. 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 жыл бұрын 4491
2 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232