Бойдақ жігіттерге тойда қойылған сұрақтар (видео)

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 жыл бұрын 4982
3 пікір
  • МашаАллаһ! Тамаша той өтіпті. Жұрт аузынан тастамайтын, көрген жерде айта жүретін той екен.
    9 жыл бұрын
  • Осы орайда тағы бір оқиғаны әңгімелей кетсем... Ол кезде жаспын. Голливудта қорқынышты фильмдер /фильмы ужасов, хоррор/ дегендер енді шығып жатқан кез. Алдында бір түні жаңадан шыққан бір киноны көріп, шошып, бірнеше түн ұйықтай алмай қалғам. Содан бірнеше күннен кейін бір жолдасымыз үйленіп, түнгі клубқа соның тойына бардым. Жолдан тосылып, кешігіп жатырмын. Әлденеше уақыттан кейін жеттім-ау, әйтеуір, итшілеп жүріп. Клуб әкімгері тойдың арғы залда болып жатқанын айтты. Содан баспалдақпен төмен түсіп, той болып жатқан залға кірсем... Сізге өтірік, маған шын... Сыртынан қараған адамға анау бір сұмдық көрініс болып көрінеді екен. Залдың іші түтінге толған. Жарық бір жанып, бір сөнеді. Алақараңғы. Музыканың даусы жаныңды дір еткізеді. Ол өзі хард-рокқа табынушы жігіт еді. Солардың музыкасын қойып жатыр екен. Жұрт аласұрып билеп жатыр. Елестетіп көріңізші. Ешкімді ешкім танымайды. Ешкімге ешкімнің керегі жоқ. Арақ-шараптың, темекінің түр-түрі төгіліп жатыр. Ішкен - мас, жеген- мәз! Дәл алдында өзім көріп, бойым тітіркенген қорқынышты фильмді есіме салғаны бар емес пе? Негізінде, арақ қойылған тойдың қандай болатынын көргіңіз келсе, соңына қарай сыртынан бақылау керек екен. Сонда жағаңызды ұстайсыз. Нағыз хоррор!
    9 жыл бұрын
  • Осындай пәк таза тойларымыз бітпесін. Иманды ұрпағымыз көбейе берсін. Той жақсы өтіпті.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232