“Жапониялық Қызыл крест” қоғамы жоғалған әмиянды көрген балалардың қандай әрекетке баратынын анықтау үшін тәжірибе өткізді деп хабарлады 24.kz.
Басты кейіпкерлері қоғамымыздың кішкентай азаматтары мен азаматшалары болған бұл бейнеролик ғаламторда небәрі 2 ай ішінде екі милионнан астам рет қаралыпты.
Сынақтың нәтижесі балақайлардың өзгенің затын бас салып, иемденбей, оны иесіне қайтаратындығын көрсетті, деп жазады mirfactov.com.