Тамшылатып суару жақсы нәтиже көрсетіп отыр
Тамшылатып суару жақсы нәтиже көрсетіп отыр

Тамшылатып суарудың ең үлкен әсері су мен тыңайтқыштардың біркелкі жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Панфилов ауданының фермері Оқанов Жәнібек Мұқатайұлы «Көктал-Агро» ЖШС (Көктал ауылы) басшысы. Ол Алматы облысы Панфилов ауданында жалпы 1000 жерге гектар жүгері өсіреді. Оның айтуынша, сумен қамтамасыз етуде үлкен проблемалар жоқ, бірақ шілде айында дәстүр бойынша ең ыстық вегетация кезеңі байқалады. 
«Бізде таулардан су ағып жатыр, мұздық азайып кетуі мүмкін, бірақ жыл сайын өзендерде су аз болады. Ең қарқынды суару маусымы шілде айында. Әсіресе, ыстық ауа-райында, +40 болған кезде. Осыған байланысты суару кезектілігі де, түнгі суару да қолданылады. Біз басқа өңір фермерлерімен бірге секундына 8,0 текше метр су аламыз. Ыстық ауа-райында, мәселен, қазір шілде айында, секундына 6,4 текше метр келеді, жолда су шығыны бар, сонымен қатар 2 бекетке алынады, нәтижесінде бізге шамамен 5 текше су жеткізіледі. Бірақ, әдетте тамыз айында шаруалардың суару көлемінің төмендеуіне байланысты жағдай жақсарып келеді», – дейді Жәнібек Мұқатайұлы. 
Шамамен бес жыл бұрын фермер израильдік «Mezzerplast» компаниясымен бірлесіп 300 гектар егістікке тамшылатып суаруды, сондай-ақ 300 гектар жоңышқа дақылдары бар алаңда «Zimmatik» американдық жаңбырлатқыш қондырғысын орнатты. Бұл қондырғылар арқылы жылына 5 рет өнім жинауға мүмкіндік берді. 
Оның бақылауына сәйкес, тамшылатып суарудың ең үлкен әсері су мен тыңайтқыштардың біркелкі жеткізілуін қамтамасыз етеді.
 
Мұндай әдіспен суару кезінде дақылдардың 95%-ы сәтті өсіп, өнім береді, нәтижесінде ол инновациялық технологиялардың арқасында өнімділікті 2 есе арттырып, 16-20 тоннаға дейін жүгері алады. Ал дәстүрлі суару кезінде егін 6-8 тоннаны құрайды. Фермердің тамшылатып суарудың орнату кезіндегі шығындары гектарына шамамен 1500 АҚШ долларын, жаңбырлатып суару шығындары гектарына шамамен 1200 долларды құрады. Келесі жылы Жәнібек Оқанов тамшылатып суару әдісімен қосымша 400 гектар жүгері егуді жоспарлап отыр.
 
Вегетация кезеңінде сумен жабдықтауды жақсарту үшін Жәнібек Мұқатайұлы су үнемдегішті жоғарғы деңгейде салу, сондай-ақ су ысырабын болдырмау үшін шаруашылықаралық арналарды ағымдағы жөндеу жүргізіп, жоғары аймақтардан су жинау тоспасын салу қажет деп санайды.
 
Фермердің айтуынша, ауданда жүгеріден басқа жоңышқа да себіледі. Бұршақ (соя) пен күнбағыс дақылдары ыстық климатқа байланысты бұл аймақта өсірілмейді.
 
qaz.greenqazaqstan.kz
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1652
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232