Шетелде болса төбелеріне көтерер еді! Семейде ұшатын қайық құрастырған шебер
Шетелде болса төбелеріне көтерер еді! Семейде ұшатын қайық құрастырған шебер
Ғали Валиев – 1854 жылы Қазан қаласында дүниеге келген. Ресейлік империя армиясының әскерінен қашып және қазақтарды әскер қатарына шақырылмайтынын ескеріп, ол Семейге қоныс аударды. Өз аты-жөнін Ғали Валиевты – Ғали Сарыбаевқа ауыстырды. Ол шағын сабын өндіретін зауыт ашып күнін көрді, Семейде танымал сағат жасаушы атанып және зергерлікпенде айналысып, керемет ерекше заттар жасады.
 
«Менің Ғали атам шеберханасын моншаның ішінен ашып, онда ол үнемі бірдеңелер жасайтын – деп еске алады өнертапқыштың немересі Әсия Хазипова. «Ол пиротехниканы жақсы көретін, тапсырыспен әртүрлі ойын-сауық кезінде от-шашу орнататын. Бір күні губернатор ұлының 17-ге толғанын атап өту үшін, от-шашу жасауды бұйырды. Атам, әдеттегідей, моншада жұмыс істеп жатқанда зымыранның біреуі жарылып, өрт шықты. Өртті әрең сөндіріп, өзі жарақаттанған, әйтеуір аман қалған».Тынымсыз шебер басқада таңғажайып дүниелер жасай бастады. Ол парашют құрастырып, оны өзі сынап көрді, су шаңғыларында жасады, онымен Ертіс бойымен серуендеуге тырысты, қарап тұрғандарды қызықтырды. Белгілі болғандай, су шаңғысы Еуропада семейліктер көргеннен 20 жылдан кейін ресми тіркелген.
Ғани Валиев
 
Семей қаласында 1889 жылдың белгіленген күнінде сағат жасаушы Ғалидың Ертіс өзенінен қайықпен ұшатынына жастар мен кәрілер, әйелдер мен ерлер, байлар мен кедейлер жиналған. Мұндай жаңалықтар алдын ала халық арасында тарап, барлық назар осы іс-шараға аударылды.
 
Сол күні үлкені-кішілі семейліктер Ертіс өзенінің биік жағалауында сағат жасаушы Ғалидің қайығының ұшуын тамашалауға жиналды. Көп ұзамай атақты шебер қайығын арбаға тиеп, өзенге жетті. Қайық пен қанаттары түрлі-түстіге боялған. Қалың матадан жасалған қайықтың қанаттары сағат тілі тәрізді тісті доңғалақтар мен дөңгелектер арқылы қолмен басқарылатын.
 
Ғали қайықты биік жерге қойып, өзі ішіне жатып алып, қайықтың қанаттарын сермеп, шамамен 15 саженге (32 метрге) дейін көтеріліп, ұшып кетті. Өзеннің арғы бетіне қонған соң қайықтан түсіп, гүл теріп, қайықты гүлге толтырды. Ол қайтадан қайықпен көтеріліп, осы жағалауға оралып дереу үйіне кетті…
 
Ұшатын қайық туралы хабар халық арасында тез тарап кетті. Бұл жайлы полицейлерге де жетті, олар Ғалидің үйіне келген соң қайықты көріп, хаттама жасап, өзін жауапқа тартты. Бірақ бүкіл халық Ғалиды жақтап, арашалап алды.
 
 
Закіржан АЛИХАНОВ,
«Шуро» журналы No9 1914
(Facebook әлеуметтік желісіндегі Каламкас Рзаханның парақшасынан алынды)
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1606
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232