Рамазанның соңғы онкүндігіне арналған әзіл!
Рамазанның соңғы онкүндігіне арналған әзіл!

Рамазан айының соңғы он күні болса керек. Бір тауық күтіп жатқан үш жұмыртқасы үшін уайымдап:
Осы үш балапаным да діндар, тақуа болса екен, - деп дұға етіпті. Біраз уақыттан кейін алғашқы жұмыртқа жарылыпты: балапанның қолында тәспі, басында тақия... "Шүкір" - депті тауық ана. Уақыт өте екінші жұмыртқа жарылыпты: балапан сәждеде, намаз оқып жатыр екен.
Арадан көп уақыт өтсе де үшінші жұмыртқа жарылмайды. Күтіп шыдай алмаған анасы жұмыртқаны қағып көрсе, ішінен мынадай дауыс шығыпты:
- Анашым мені күтпе, мен иғтикафтамын.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 жыл бұрын 4355
1 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232