Павлодар дәмханаларының бірінде аспаз котлеттерге түкірген (ВИДЕО)
Павлодар дәмханаларының бірінде аспаз котлеттерге түкірген (ВИДЕО)

ҚазАқпарат - Павлодар қоғамдық тамақтану орындарының бірінде бейнебақылау камераларына дайын котлеттерге түкіріп тұрған аспаз ілікті. 

Видео Instagram-дағы @club_dobryakov_astany парақшасында пайда болды.

"Видео Павлодардағы ғимараттардың бірінің ас үйінде түсірілген.  Жасыл футболка киген жігіт қолымен котлеттерге су шашады, кейін аспаз оны итеріп, аузына су толтырып, оны тағамға шашады. Қандай ет пайдаланылғанын білсе ғой. Мекемені кім таныды?", - делінген ролик түсіндірмесінде.

Видеоға жазған комментарийлерде пайдаланушылар белгісіз аспаздың қылығына наразылықтарын білдіріп, оны тауып, жауапкершілікке тарту керектігін айтты. 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 2878
1 пікір
  • сіздің фейсбуктегі парақшаңыздан мына пікірді оқып қалдым: "Іш киіммен жүрген ұят та, купальникпен жүрген ұят емес па сонда? Іш киіммен суретке түскен ұят та, купальникпен суретке түскен ұят емес па? Біреулер осылай ойлайды. Қызық иә?"
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232