ҚазАқпарат - Павлодар қоғамдық тамақтану орындарының бірінде бейнебақылау камераларына дайын котлеттерге түкіріп тұрған аспаз ілікті.
Видео Instagram-дағы @club_dobryakov_astany парақшасында пайда болды.
"Видео Павлодардағы ғимараттардың бірінің ас үйінде түсірілген. Жасыл футболка киген жігіт қолымен котлеттерге су шашады, кейін аспаз оны итеріп, аузына су толтырып, оны тағамға шашады. Қандай ет пайдаланылғанын білсе ғой. Мекемені кім таныды?", - делінген ролик түсіндірмесінде.
Видеоға жазған комментарийлерде пайдаланушылар белгісіз аспаздың қылығына наразылықтарын білдіріп, оны тауып, жауапкершілікке тарту керектігін айтты.