Асыл дініміз исламда ораза ұстаған жандарға ауызашар берудің сауабы өте мол екендігі айтылады. Екі дүние сардары ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): өз хадистерінде: «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деген.
Міне, бұл ораза ұстаған жандарға құрмет көрсетудің негізгі болса керек.
Діни хикаяларда ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сағд ибн Муаздың (р.а.) үйінде ауызашарға барады. Сол үйде дастархан басында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дастарханыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңызды ізгі кісілер жеп, періштелер сіздерге дұға етсін» деп дұға жасаған еді» деседі.
Тағы да Әбу Шейх Ибн Хиббаннан жеткен риуаят бойынша Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Егер де кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды…» деген. Сонда ол: Уа, Расул Алла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? деді.
Сонда пайғамбарымыз «с.ғ.с) – «Бір тілім нан берсін» деді. – «Ол да болмаса ше?»
– «Онда қара су берсін» деді, Алла Елшісі (с.ғ.с)
Демек, ауыз ашқызуда белгілі бір үлгі немесе қағида жоқ, әркім өзінің тапқан асын ауызашарға қойса болды деген екен. Мұнда тек ауызашар берушінің табысы адал болсын деп тапсырған.
Ауыз ашқызудың келесі бір маңыздылығы адамдар арасындағы береке, бірлікті бекемдей түсетіндігінде Сонымен қатар адамдардың бір-бірінен үлгі алып, ораза тұтуға деген құлшыныстары арттыруға да септігі тиетіндігінде.
Қазіргі таңда ауызашар думанды мереке ұласып, жаңа сипатқа ие болуда. Ауызашар дастарханы үстінде қайырымдылық шаралары жасалып, тағыымдар айтылады.
Ауыз ашқызудың жөні осы деп әсіресе ысырапқа бармауды ескеру керек. Мүмкіндігінше артылған ас-суды, қаражатты жетімдерге, мұқтаж отбсыларға, балалар үйлеріне берсе өте зор сауапты болар еді.
Тимур Қайдарұлы
ШҚО Зайсан ауданының бас имамы
Baq.kz