Миллиардты таңғалдырған қазақша мультфильм
Миллиардты таңғалдырған қазақша мультфильм

qamshy.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 6970
13 пікір
  • Осы мультфильмды көріп жыладым. Әсерлі екен.
    8 жыл бұрын
  • Миллиардты??? Несімен таңғалдырды екен түсінбедім
    8 жыл бұрын
    • Миллиардқа жуық халқы бар Қытайда көрсетілгендіктен болса керек. Мультфильмді де Қытайдағы бауырларымыз түсірген сияқты.
      8 жыл бұрын
    • мұндай мультфильмді жүрекпен сезінбесе, прагматиктердің өресі жете бермейді
      8 жыл бұрын
  • Қытай қазақтары түсірген ау шамасы, сол үшін де миллиард десе керек. Ал мені шын мәнінде сапасы емес, мазмұны таңқалдырды.
    Жүрекпен сезінсеңіз таң қалар ма едіңіз.
    8 жыл бұрын
  • Ешқандай да таңғаларлық дүние емес. Таңғалайын десемде таңғала алмадым.
    8 жыл бұрын
  • Өз басым Қытай қазақтарының жасаған дүниелері таңғалуға тұрарлық деп ойламаймын... Адамдар өмір сүрген ортасына қарай өзгереді. Қаншамалаған уақыттар Қытайлармен бірге ғұмыр кешіп келген қандастарымыз қысық көздерге ұқсап кеткен....
    8 жыл бұрын
    • Жәәә ағасы олай демесеңізші.....Олар да біздің қандас бауырларымыз ғой, мына заманда кім өзгермей жатыр! Өзгеріпсің деп бір-бірімізге ала көзбен қарай берсек талан-таражға түсіп кетерміз! Керісінше бір болайық! Алла разы болсын! ))
      8 жыл бұрын
  • Қазақты қазақ дос тұтпаса айдаладағы басқа ұлт басынбағанда не істейді. Бір-бірімізге дос болмасақ, бекем болмасақ онсыз аз халықпыз жоқ боп кетеміз ғой.
    Тағы біраз сөз жазар менен кіші болсаңыз, жасыңызды білмей отырмын.
    Аман болыңыз Aset KZ.
    8 жыл бұрын
  • Сапасыз көп халықтан сапалы, мәдениетті, иманды аз халық жақсы. Біздіңде ұлтымыздың саны бар сапасы жоқ болса оның пайдасы шамалы. Әрине өзге елде жүрген қазақ бауырларыма деген құрметім биік, көз қарасымда жақсы. Бірақ бар нәрсені бар жоқ нәрсені жоқ деп баға бергенді дұрыс деп ойлаймын. Әрбіріңізге Алла разы болсын және аман болыңыздар!!!
    8 жыл бұрын
  • Қытайда жүріп қазақша түсірген бауырларды айтсаңызшы. Енді тұрған ортасына бейімделеді ғой. Ол табиғи заңдылық. Адаптация процесі. Менің бір білетінім, қытайдан келгендер дініне, тіліне, дәстүріне берік келеді.
    8 жыл бұрын
  • мультфильмнен қандай да бір "ауытқушылықты" байқамадым. Тәп-тәуір дүние
    8 жыл бұрын
  • Қытайдағы қандастарымызға Алла риза болсын, өте сапалы мультфильм екен, жап-жақсы шығыпты, бұл да қара термен жасалған еңбек, биік белестерде көріне берсін. Асқар таудай әкесі бар әр бір қазақ баласы қандай бақытты)) Керемет әсерлі екен!)
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232