Киік - қазақ секілді, ҚАЗАҚ - КИІК!
Киік - қазақ секілді, ҚАЗАҚ - КИІК!

Киік - қазақ секілді, ҚАЗАҚ - КИІК,  

Кім басына берді екен азапты үйіп?  

Қасіреттің күрмеулі қыл арқаны,  

Мойынымды барады қажап, қиып.

 

Дархан дала еркесі өлді неден?  

Шерді көрем...  Көзінен мөлдіреген.  

Жер-Ананың қамығып қайғысына  

Жылайды аспан.  ...Жүрегі елжіреген.

 

Жылайды аспан...  Жауынын нөсерлетіп,  

Есеңгіреп отырмын есем кетіп.  

Сахараның уланып сəні кетті,  

Зымыраннан зулаған кесел жетіп.

 

 Еңсені езіп ауыр мұң,  Жаншып нала,  

Қан сасиды киесіз қаңсып дала.  

Жалақ-жұлақ жұтынған қарақшының

Көзі өтті ме, қараған сан сұқтана?

 

 Опат қылған оқ па, əлде, есер атқан?

Құрылды екен жолына неше қақпан?  

Түйесі өліп..,  Тұлпары - Киесі өліп,  

Нардың жүгін ел болдық есегі артқан.

 

 Иесіз қап...  Құлазып дала жатыр,  

Жауап күтіп сан сұрақ санада тұр.  

Көпті көрген көнекөз қариялар,  

Күрсінеді, келді - деп, заманақыр.

 

Кеше көрген қайғым бар мəңгі ұмытпас,  

Бір білерім, енді ешкім шаң жуытпас.

Көбеюге ешқашан қақысы жоқ,  

ҚАЗАҚ пенен КИІКТІҢ тағдыры ұқсас.

 

Қыран құсап ұшпайды құзғын биік,  

Өлексе жеп жетеді ол күзге ілмиіп.  

Бір кездері нақақтан нақақ кеткен,  

Жүз мың қазақ секілді жүз мың киік.

Қалқаман Сарин

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
10 жыл бұрын 14610
6 пікір
  • Бір кездері нақақтан нақақ кеткен,

    Жүз мың қазақ секілді жүз мың киік.

    Өкінішті ((((((
    10 жыл бұрын
  • Соңғы айларда қазақ даласында қайғылы оқиғалар көп болып жатыр, барша мұсылмандар дұға ету керек. Бұл да бекер емес-ау. Алладан кешірім сұрап, дұға ету керек сияқты.
    10 жыл бұрын
  • Өкінішті (((
    10 жыл бұрын
  • Фәниде бәрініңде сұрауы бар. Адамзаттың қайырымсыздығынан табиғат опа шегеді. Өкінішті-ақ, Алладан шапағат тілейік.
    10 жыл бұрын
  • Өте өкінішті!
    Шынымен де бұл жағдай қазақтың да басына төніп тұрғанын аңғару қиын емес. Сондықтан, өзіміз санымыз аз ғана қазақ барлығымыз бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек. Және бір ауыздан Аллаһтан тілеп дұға етуіміз қажет!
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232