Жиі саяхаттайтын мамандық иелері
Жиі саяхаттайтын мамандық иелері

Саяхаттап жүріп жұмыс істеу — көптеген жастың арманы. Бүгін назарларыңызға жанға жайлы саяхатпен өмірге пайдалы жұмысты қатар алып жүретін салаларды ұсынамыз. 

1. Ұшақ капитаны, екінші ұшқыш, стюардесса
Саяхатпен байланысты мамандықтар арасында ең танымалы десек қателеспейміз. Бұл салада жұмыс істеу үшін арнайы біліміңіз болуы шарт. Сонымен қатар, денсаулығыңызды да қолға алу керек. Стюардессаларды таңдауда салмақ пен бойға да назар аударады. 

2.Туристік лайнер жұмысшысы
Бұл маусымдық қызмет түріне жатады. Әдетте бұл салада ағылшын тілін жетік меңгерген жас студенттер қызмет етеді. Бұндай жұмысқа орналасу қиын емес. Оқыту жұмыстарынан өтіп, нұсқаулық бойынша жұмыс істейсіз. 

3.Фотограф
Саяхатшы фотограф болу үшін біраз тер төгуге тура келеді. Алдымен дағдыларды жетілдіріп, ерекше тапсырыстармен жұмыс істеп үйрену керек. Кейін шет мемлекеттердің арнайы тапсырыстар да түсуі мүмкін.  

4. Халықаралық тілші
Жиі іссапарға шығуға қарсы болмасаңыз әрі қиын, қауіпті жұмысты атқаруға дайын болсаңыз халықаралық журналистика саласында білім алсаңыз болады. 

5.Аудармашы
Аудармашы жұмысы кез келген елдің есігін ашып береді. Сала бойынша біліміңіз бен тәжірибеңіз болса халықаралық компаниялар сізді асыға күтеді.  

6.Археолог
Экспедиция мүшесі болу үшін бұл сала бойынша жұмыс өтіліңіз болу міндетті емес. Олар студенттерді де қасына алады. Дегенмен сіз кез келген жұмысты, соның ішінде ауырын да орындауға дайын болуыңыз керек. 

7.Дипломат, елші
Беделді әрі жауапты жұмыс адамнан тек ашықтықты ғана емес, ақылды талап етеді.

8.Шетелдік компаниялардағы сату ісі менеджері.
Керекті дағдылар: сату ісін білу, ағылшын тілі, қуат пен адамдармен еркін тіл табысу. Жұмысқа тұрғаннан кейін, жиі іссапарға шығуға тура келеді.  

9.Event-менеджер.
Іс-шараларды ұйымдастыру саласы жыл сайын дамып келеді. Бәрін жоғары деңгейде ұйымдастыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл салада да жиі іссапарға шығу әдетке айналады.

10. Туристік агенттік ұйымдастырушы
Бұл — мамандық саналмаса да, көп жұмыс пен ізденісті керек ететін сала. Одан бөлек, үлкен қаражатпен, көп адаммен жұмыс істейтіндіктен жауапкершілікті талап етеді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/64937/

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1384
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232