Басылымның кезекті маусым айындағы саны жарық көрді. Материалдарының басым бөлігі алдағы қасиетті Рамазан айына арналған журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Сағына күткен Рамазан» мақаласымен ашылған. Онда «Парыз» айдарымен «Ораза: аяттар, хадистер», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Қадір» сүресі», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Раббыны көре аламыз ба?!», «Парыз» айдарымен «Рамазан: ораза үкімі» мен «Зекеттің шариғаттағы үкімі», «Жадыңызда жүргей»айдарымен «Таңертең Құран оқу» деген тақырыптағы мақалалар жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол материалдар жарияланған. Атап айтқанда:
«Хикаяттар» айдарымен «Ораза неге бұзылды?», «Қойшы мен алма ағашы», «Диетолог кеңесі» айдарымен «Ораза ұстаушыға пайдалы әрі зиянды тағамдар», «Боямасыз болмыс» айдарымен«Мұсылман жоқ. Ислам бар», «Әдеп» айдарымен «Шүкіршілік ету», «Балаларға базарлық» айдарымен «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жастық шағы», «Керекті кеңес» айдарымен «Отбасыңыз бақытты ма?», «Өсиетнама» айдарымен Имам әл-Ғазалидің «Ей, менің сүйікті балам!», «Зерде»айдарымен «Сәдуақас қажы Ғылмани атеиске қалай тойтарыс берді?», «Саңлақ сахаба»айдарымен «Сүһайб ибн Синән (р.а.)», «Тарихи таным» айдарымен «Ақназар (Хақназар) хан»,«Жыр жауһар» айдарымен «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Баспасөзден: ойласу» айдарымен«Ыңғайсыз сұрақ», «Жаттап айтыңыз»айдарымен «Күнделікті дұғалар», «Түйіткіл» айдарымен«Қиғылығы көп қайынжұрт», «Шипа Алладан» айдарымен «Бүйректегі тас қайтсе кетеді?» деген танымдық материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Оқырман есіне: Көпшілік орындарда, ұжымдық ауызашарларда, басқа да іс-шаралар өткізгісі келушілер онда басылымның Рамазан айына арналған шілдегі №7 санын және алдағы шығатын басқа да кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 15-не дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады.