Едіге Құныпияұлы
Едіге Құныпияұлы
Осында бір пост жазған едім. Астанаға Бахрейн королінің сапарын ұйымдастырып, ресми кездесулердің арасында аппарат басшысын Бурабайға апарып қайтарда жолда сатып алған бал жайлы. Біздегі көп потенциалдың өз деңгейінде пайдаланылмай жатқанының басты себебі - жүйелі шешімнің, кластерлердің жоқтығы. Соған тағы бір мысал айта кетейін, бастан өткен.
Сауд Арабиясы бір жылдары арнайы бағдарлама қабылдаған еді. Бірқатар ауыл шаруашылық өнімдері бойынша ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жеті мемлекетті таңдап, сол жерлерге қомақты қаражат салып, түрлі азық бойынша базалар жасамақ болды. Өнімдерді түгелдей өздері сатып алмақшы еді. Өздерінде құнарлы жер тапшы болғаннан шыққан амал. Сол тізімде Қазақстан да болды. Ең әуелі, дайын өнімдер болса - соларды жүйелі түрде сатып алып тұрайық деді. Алдымен қой еті бойынша жұмыс істедік. Оңай шешеміз деп ойладық. Шүкір, қой жеткілікті ғой деп. Амал қанша, республика бойынша сұраған көлемде тұрақты түрде бір стандарт бойынша қойдың етімен қамтамасыз етіп тұратын шаруашылықтар табылмады. Жалпы, ондай ірі шаруашылықтың бірнешеуін таптық. Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облысында бар екен. Тек, бір мәселе - тоқтылар тамыз, қыркүйек айларында ғана қажетті стандартқа жетеді бізде. Жылына бір төлдеп, көктемде жаппай сақман науқаны болады. Ал оларға ай сайын жіберіп тұру керек. Бразилияда, Австралия мен Жаңа Зеландияда бұл мәселе басқаша жүйеге қойылған. Қойлар арнайы топтарға бөлініп, ай сайын кезек кезек қолдан ұрықтандырылып, жыл бойы бір стандарттағы тоқтылар жіберіп тұрады. Бүкіл араб елдері етті сол жақтан алатыны содан. Жалпы, бір қызығы, әлемдік халал ет нарығының 40%-ы Бразилиядан шығады. Жүйені қатырып қойған. Мұсылман елдерге ет жіберіп отырады. Солай...
Ал, бізде ондай жүйе болмағандықтан, өздері 100 млн доллар инвестиция салып, база қалыптастырмақшы болған бірақ жүзеге аспай қалған жобаның әңгімесі тіпті бөлек...
Құдайым мына жұттан елімізді аман сақтасыншы! Мал - әлімсақтан бері қазақтың берекесі ғой....
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1447
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232