БЕТСІЗ "БЕТАШАР" КІМГЕ КЕРЕК?
БЕТСІЗ "БЕТАШАР" КІМГЕ КЕРЕК?

Қазақта көп тойлар онсыз да бір жарым-екі сағат кешігіп басталады. Содан «жар-жар» айтып жас жұбайларды ортаға шақырады. Ары қарай «Беташарға» кезек беріледі. Беташар айтушы тойға жігіт жағынан келгендерді түгелдей атап шығуға бейім. Өйткені, табаққа түсетін көрімдік көбейеді. Бұл рәсім онсыз да күтіп қалған қонақтардың тағы 20-30 минут уақытын алады. Өз басым тіпті шаршап кетем.

Көп жағдайда тойлардағы осы «беташар» рәсімі тек әншейін «спектакль» ғана. Өйткені, келін түскелі екі-үш апта, тіпті бір-екі ай өтіп кеткен. Үйде беташар тойы жасалған. Тіпті, бірде беташардан кейін, той үстінде жас келін толғатып, «Жедел жәрдем» келіп алып та кеткен жағдайлар болған. Сонда өтірік беташардың қажеті қанша?! Ол кімге керек? Әдетте қазақи салтта беташар үйге келін түскен бойда, оң аяқпен босаға аттаған сәтте айтылады. Әрі онда бүкіл ауылдың бәрін тізбейді. Тек ет жақындарды ғана жырмен таныстырады. Бұл дұрыс-ақ.

Ал босаға аттап қойған соң бәлен уақыттан кейін өткізілетін тойда тағы беташар айту асабадан басқа ешкімге қажеті жоқ. Өзімізді сыйлайық. Уақыттан қымбат нәрсе жоқ. Қонақтардың сол қымбат уақытын сыйлайық. Сондықтан, мұндай «бетсіз беташарларды» тоқтату қажет деп ойлаймын!

Марат Тоқашбаевтың фэйсбуктегі парақшасынан

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 5579
1 пікір
  • Өте дұрыс айтады! Мен де осылай беташарды тойда жасайтынды соңғы кездері көріп, таңқаламын да жүремін. "Сонда келінді алып келген күні жасамайды ма? Бір апта, бір ай уақыт ішінде оны әлдеқашан көріп қойды ғой!" деп айтамын да жүремін. Қызық... Бұрын соңды ондайды көрмеуші едім. "Әлде біздің Таразда ғана ондай жоқ пе еді?" деп те ойладым. Бірақ қазір біз жаққа да келіп алған сияқты...
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232