Мейірімді жүргізуші жаяу жүргіншілердің шалшықтан өтуіне көмектесті (видео)
Мейірімді жүргізуші жаяу жүргіншілердің шалшықтан өтуіне көмектесті (видео)

Махачкаладан жіберілген видеода джип жүргізушісінің шалшықта қалған балаларды көлігі арқылы өткізіп жібергені түсірілген.

Кадрдан бір топ баланың шалшықта қалып өте алмай тұрған сәтін көруге болады. Кейіннен үлкен джип көлігінің ішіне кіріп, келесі есігінен сыртқа шыққандары анық байқалады.

«Махачкалада екінші күн қатарынан толассыз жаңбыр жауып, көліктер әрең қозғалуда. Бүлдіршіндер шалшықта қалып не істерін білмей тұр еді. Лексус жүргізушісі оларға жол көрсетіп, өз көлігі арқылы өтіп кетуге ыңғай танытты. Балалар қуана көлік ішімен өтіп жолға шығып кетті», – дейді куәгер.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 2650
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232