Бетін қан жапқан алепполық ұлдың бейнесі әлемді дүр сілкіндірді (фото, видео)
Бетін қан жапқан алепполық ұлдың бейнесі әлемді дүр сілкіндірді (фото, видео)

Сирияның үкіметке қарсы белсенділері қоршауға алынған Алеппо қаласындағы әуе соққысынан қираған ғимараттан құтқарылған баланың жан түршігерлік кадрларын жариялады.

Бетін қан жапқан, жедел жәрдем көлігінде есеңгіреп отырған баланың видеосы мен фотолары әлеуметтік желіге жылдам тарап, наразылық толқынын тудырды, деп хабарлады "alashainasy.kz" ақпарат көзі "bbc.com" порталына сілтеме жасай отырып. 

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, баланың есімі Омран Дакниш, бес жаста. Сәрсенбі күні кешке оған медициналық жәрдем көрсетілді - баланың басына қатты зақым келген.

Оның отбасының басқа мүшелерінің қандай жағдайда екендігі әлі белгісіз.  

 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 3154
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232