Жапония ғалымдары «Фугаку» деп аталатын супер-компьютер арқылы тәжірибе жүргізіп, осындай құбылысты анықтады.
Ауаның ылғалды болуы вирус бөлшектерінің таралуын арттыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жапония ғалымдары «Фугаку» деп аталатын супер-компьютер арқылы тәжірибе жүргізіп, осындай құбылысты анықтады. Мамандардың айтуынша, бұл қыс кезінде адамдардың құрғақ жабық орында коронавирусты жұқтыруын арттыратынын білдіреді. Осымен қатар ғалымдар бетперде адамды вирустан мөлдір экраннан көрі жақсы қорғайтынын байқаған. Ал бір үстел басында вирусты жұқтыру қаупі қарсы отырған адамнан гөрі жанында отырған кісіден көбірек болады дегенді айтады.
Коронавирус жұқтырған адам бұрын болмаған дертке шалдығуы мүмкін
Коронавирус қант диабеті мен жүйке жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық дәрігерлер айтты.
Коронавирус қант диабеті мен жүйке жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық дәрігерлер айтты, – деп хабарлайды «КТК».
Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта елордалық дәрігерлер бірнеше клиникада коронавирус салдары қандай болуы мүмкін екенін зерттеп, арнайы оңалту бағдарламаларын әзірлеуге тырысып жатыр.
Мамандар қант диабетінен басқа жүйке жүйесі де зардап шегетінін айтады. Коронавирус жұқтырып, ауырып шыққандардың көбі алаңғасар екені және есте сақтау проблемалары болғаны байқалған екен.