Roman Burkash: Діндарлық емес, дінпаздық жайлап барады
Roman Burkash: Діндарлық емес, дінпаздық жайлап барады
Діндарлық емес дінпаздық жайлап барады қоғамды. Діни ат қою, мұртты басып, сақал қою, хадис жазылған худи кию, тәспі ұстап жүру, жұмаға арабтың ақ жейдесін киіп бару бәрі уақытша сән, тренд, дінкештік, бірақ діндарлық емес. Бұлар дінді дамытпайды, керісінше нигилистер мен агностиктердің көбеюіне үлес қосады. Соңғы жылдары Түркияда да сондай тенденция байқалады. Орамал тағып, сақал қоютындарды қызметте өсіру, артықшылық беруді байқадым сол жақта жүргенде. Намаз оқитындар көп тұратын аудандардағы аптекаларда "Намаз оқыттыратын мазь" сатылады деп тұрады. Негізі бел сырқырағанда жағатын мазь ғой. Белің жазылса Рукуғқа әдемі барасың деген мағына ғой))))). Асыл діндарлық басқа-дүр, басқа....
Әркімнің мақсаты өз керегінде,
Біле алмадым пысығын, зерегін де.
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,
Хақиқат та, дін дағы тереңінде. ©Абай айта салған ғой
 
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 года назад 2398
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232