Қазақстандағы ең үлкен саябақ
Қазақстандағы ең үлкен саябақ

Өскемен қаласына сапар кезінде түсірілген әуесқой видео. Менің есебім бойынша ең үлкен саябақ осы болып көрінді. Жалпы аумағы 35 га болады екен. Мүмкін сіздер білетін бұдан үлкен саябақтар бар шығар. Бөлісе отырыңыздар. Жалпы видеоның сапалы нұсқасын байқамай өшіріп алдым. Алдын ала көруге арналған (пробный) нұсқасы сақталып қалыпты. Жоқтан бар, сіздер де саяхат жасап көріңіздер үлкен саябаққа!

Бұл саябақта әкімшілік, қор және экспозициялық үйжайлар, «Ескі үйдің шатыры астында» көрме залы, «Ақпараттық-білім Орталығы» ауани бөлімі (мультимедиалық кинотеатры бар) орналасқан. 
- Мұражайландырылған «Жастар» этнобағы, оның ашық аспан астындағы сәулеттік-этнографиялық экспозициясы бар.. Мұнда 16 этнографиялық нысан – шаруашылық құрылыстары бар үйлер, қоныстар орналасқан.
- Жамбыла атындағы саябақ 
2010 жылғы 10 қаңтарда қала әкімшілігі Жамбыл атындағы саябақты қайтадан мұражай-қорық иелігіне берді.  
- Жазғы бақ (Қ.Қайсенов көшесіндегі ғимараттың жанында)
1986 жылы ашылған.
- Балалар қалашығы (Стрелка ауданы, Е.Славский даңғылы бойында) 
- Солжағалық кешен. Жалпы алаңы –  35 га
Солжағалық кешеннің аумағында мыналар бар:
1.  Зообақ, алаңы 8 га 
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағына 2008 жылы көшірілген. Зообақта 2011 жылдың 1 желтлқсанына қарағанда барлығы 294 жануар болды. Оларда: сүтқоректілердің 10 түрі, дала тасбақасы, құстардың 24 түрі бар. Зообақтағы жануарлардың көпшілік түрлері: қоңыр аю, теңбіл бұғы, бүркіт, қолға үйретілген қутұмсық қаз, ақбас тырна, тазқара, дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 лет назад 10502
1 комментарий
  • 1
















    нурканатиктің тер төккені көрініп тұр, авторға рахмет, нағыз еңбек



    9 лет назад
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир