Жан сырым
Жан сырым

12 октября 2013 г.Астана

Анда-санда мақала жазатын әдетім бар еді...

Мен жазбаймын мақаланы ермек үшін,
Керексіз дүниелерді термек үшін.
Мен жазамын мақаланы тым болмаса, 
Оқырманға титтей пайда бермек үшін.

Мақаланы жазамын діни жақтан,
Білімім жоқ дін жағынан асып жатқан.
Бірақ мен Әз Елшінің (с.ғ.с.) хадистерін
Сөзбен әрлеп жеткізуге машық тапқам.

Бір тақырып аламын ойда жүрген,
Бас жағына әлқисса жазам бірден. 
Содан соң хадис, аят, әңгімелер
Бәрін жазам деректің көрген, білген.

Мақаланы оқу оңай, жазу қиын,
Үйді де бұзу оңай, салу қиын.
Қолдаймын бұл пікірін Әзекеңнің,
Қиын жазу мақала, салу үйін.

Нұрқанат Байзақ

Мақаланы оқу оңай, жазу қиын,
Үйді де бұзу оңай, салу қиын. 
Әзілхан Нұршайықов

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 3291
2 комментария
  • бұл құптарлық бастама екен, саясат, табиғат, патриоттық тақырыптарында жазылған өлеңдер баршылық, енді экономика тақырыбында жыр жаза алатын авторлар қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын
    8 лет назад
  • Бәрекелді
    8 лет назад
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир