“Балаларға тегін, көз ақысы. Өнімдеріміз жуылған, ас болсын!”
“Балаларға тегін, көз ақысы. Өнімдеріміз жуылған, ас болсын!”
Түркияның базарларында балаларға арналған осындай жеміс-жидектерден “базарлық” себеттері қойылған екен.
Бәріміз бала болдық қой, бәріміз ата-анамызбен базарға бардық. Әрбір тәттіге көзіміз түсіп, жегіміз келіп, жұтынып тұрған кездеріміз де болды. Себебі, көзің түскен әр нәрсені сен үшін алып бере беретін ата-анада жағдай қайдан болсын.
Бірақ, түріктерде “көз ақысы” деген нәрсеге қатты мән беріледі. Бұл Ислам мәдениетінен бері қалыптасқан, Османлыдан қалған бір әдет.
“Аталарымыз бен апаларымыз базарға барғандарында сатып алған азық-түліктерін елдің көзі түспес үшін дорбаларына көрсетпей, қымтап әкелетін. Себебі, көз ақысы деген болады. Ал қазіргі дорбалардың орнына ішіндегісінің бәрі айқара көрініп тұратын пакеттер”, – деген түріктерді талай естідім.
Расымен де, базарда қарны аш міскін мен пақырлар көп жүреді. Әрбір азыққа көздері телміріп, жегісі келіп, жұтынып тұрады. “Көз ақысы” деген міне осы.
Тіпті, сопылықта “көз ақысы” дегенге мән беретіндері сонша, мүриттерге базардан тамақ жегізбейтін болған. Себебі, адамдардың “көз ақысы” рухани сапардағылардың рухани әлеміне кері әсер ететін болған.
Міне, түрік бауырларымыз да бабаларынан қалған осы әдетті жаңғыртып, базарларда балаларға арнап “көз ақысы” ретінде базарлық қоятын болыпты.
Үлгі аларлық тамаша бастама дер едім! Бізде де бұған мән берілсе игі еді!
 
May be an image of fruit, ғимарат ішінде және text that says 'Wet Tow 90 T0 ÇOCUKLAR İÇİN ÜCRETSİZ GÃZ HAKKI'
 
Фейсбуктегі жазбадан
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 года назад 2420
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232