Төрт түлік мал төлдерінің қазақша атауы
Төрт түлік мал төлдерінің қазақша атауы

Қазақ тіліндегі төрт түлік малдың төлдерінің атауларын көбі біле бермейді. Бүгінгі шығарылымда оларды қалай дұрыс атау керектігін жазамыз. Осы орайда, жан-жануарларға қатысты «бала» емес, «төл» сөзі қолданылатынын айтқымыз келеді. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзінің материалынан біле аласыздар. 

Ең алдымен, ұсақ түліктердің төлдеріне тоқталайық. 

Қой төлдерінің атаулары:
Жаңа туған кезі – қозы
Көрпеш – есейген қозы.
Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.
Көпей – кеш туған қозы.
Марқа - қозының марқайған кезі.
Бағлан – семіз марқа.
Тоқты – жасы алты айдан асқан.
Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.
Ісек – тарттырылған, кестірілген қой.
Құнан той – үш жастағы қой.
Дөнен қой – төрт жастағы қой.
Азбан – тарттырылған қошқар.
Қошқар – аталық.
Саулық – аналық қой.
Ақауыз қой –  әбден семірген бойдақ қой. 

Ешкі төлінің атаулары:
Лақ – жаңа туған төл.
Бөрте – алты айлық төл.
Шікіраз – жасқа толған еркегі.
Туша – жасқа толған ұрғашысы.
Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.
Ешкі – аналық.
Сергештік – жасқа толған еркегі.
Теке – аталық.

Жылқы төлдерінің атаулары:

Құлын, құлыншақ – жылқы төлі.
Жабағы – бір жылға дейінгі төл.
Тай – екі жастағы жылқы.
Құнан – үш жастағы жылқы.
Құнажын –үш жастағы ұрғашысы.
Дөнен – төрт жастағы еркегі.
Бесті – бес жасар еркек жылқы.
Айғыр – аталық жылқы.
Сәурік – жас айғыр.
Бие – аналық жылқы.
Қулық – алғаш құлындаған бие.
Қысырақ –үйірге алғаш қосылған жас мал.
Ана бие – көп құлындаған бие.
Бедеу – құлындамайтын жылқы.

Түйе төлінің атаулары:

Бота, ботақан, көшек – түйе төлі.
Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе.
Тайлақ – екі-үш жасар еркегі.
Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе.
Буырлыш – төрт-бес жасар ұрғашысы.
Буыршын – төрт-бес жасар еркегі.
Бура –  аталық түйе.
Інген – аналық түйе.
Атан – ақталған, кестірілген түйе. 

Сиыр төлінің атаулары:
Бұзау – сиыр төлі.
Баспақ – алты айға дейінгі төл.
Арда  торпақ – бір жылдық төл.
Тайынша – жастан асқан еркегі.
Тана – жастан асқан ұрғашысы.
Қашар – екі жасар ұрғашысы.
Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.
Бұқа – аталық.
Сиыр – аналық.
Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.
Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.
Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.

Stan.kz 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 года назад 3816
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир