Ықылас сүресі – Таухидтің қысқа танымы
Ықылас сүресі – Таухидтің қысқа танымы

Бисмиллаһир-рахманир-рахим. «Қул һуАллаһу әхад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм юуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан әхад».

Мағынасы:

  1. (Оларға) айт: Ол Алла жалғыз (Құдай)!
  2. Алла – Самад (ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес, керісінше, күллі жаратылыс Оған мұқтаж)!
  3. Ол тумаған да, туылмаған!
  4. Сондай-ақ Оған тең келер ешкім жоқ!

Ықылас сүресі, Құран Кәрімнің 112-сүресі. Меккеде түскен, төрт аят. Алланың бар екендігін, тумағандығын және туылмағандығын, ешбір нәрсе оған тең әрі ұқсас еместігін баяндайды.

Бұл сүре, «қандай діни сеніммен келсе де, қандай философиялық көзқарастан туындаса да Алла хақындағы барлық қате сенім мен түсініктерді жойып, Алланы ақиқат сипаттарымен және лайықты ерекшеліктерімен таныту үшін түскен».

Сүреде айтылған «ахад» сипаты Алланың бірлігін, жалғыздығын және теңдессіздігін; «самад» сөзі оның бар болуы тұрғысынан ешкімге мұқтаж болмай барлық нәрсенің өзіне қарыздар екендігін білдіреді. Сүренің соңғы аятын құрайтын  «Оның теңі жоқ» сөзі осы сүренің мазмұны.

Пайғамбарымыз, мүшрик және христиандардың Алла хақындағы сұрақтарына Ықылас сүресі арқылы жауап берген. Сонымен қатар Пайғамбарымыз, бұл сүренің Құранның үштен біріне тең екендігін баяндаған. (Бұхари, «Фәдәйул-Құран»13).

mazhab.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 63269
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232