Тұзбен емделу жолдары
Тұзбен емделу жолдары

Күнделікті тұрмыста қолданылатын тұздың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Тұздың емдік қасиеттерін адамдар ертеден-ақ білген. Тұздың адам денсаулығына тигізер пайдасы орасан зор. Тамақтың дәмін кіргізетін кәдімгі ас тұзы ауыз қуысы мен тұмауды емдеуде жақсы көмектеседі. Тіпті, тұзды пайдаланып буын мен тамыр ауруларынан бастап, артық салмақтан арылуға дейін болады. 

Түрлі ауруларды тұзбен емдеудің жолдары:

1. Буындарды тұз таңу арқылы емдеу. Буын қабынулары мазаласа: артрит, ревматизм, бурсит – 10%-дық тұз ерітіндісін дайындап, оған бинтті батырып, аяққа бірнеше қайтара байлаңыз. Таңылған күйінде 10 сағат туруы қажет. Процедураны екі апта жасау керек.

2. Артық салмақ. 2 кг қайнатылған немесе теңіз тұзын жылы су толтырылған ваннаға салыңыз. Сосын сол суға 15 минут шомылыңыз. Мұндай ванна сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі.

3. Бас ауруы. Бас ауырған кезде тұзды суға бинтты малып, таңып тастаса науқастың жағдайы жақсарады және жағымсыз әсерлерді жоюға көмектеседі. 

4. Сүйек пен тамырдағы аурулар. 1 стақан бал мен 1 стақан тұз және 1/5 стақан шомыр шырыны. Барлығын жақсылап араластырып, ауыратын жеріңізді сүртіңіз.

5. Күйікті емдеу. Тұзды таңу арқылы терінің шағын аудандарында орналасқан күйіп қалған жерлерді емдеуге болады. Тұздың әлсіз ерітіндісі зақымдалған ұлпалардың тезірек қалпына келуіне ықпал етеді, ісіну мен ауырсынуды жояды.

6. Тісті емдеу. Тісіңізді аман сақтағыңыз келсе, әр таң сайын 2-3 кесек теңіз тұзын соруыңыз керек. Ол тек тісіңізге емес, қызыл иегіңізге де пайдалы.

massaget.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 9005
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232