Тез дайындалатын кеспе құрамында қандай зиянды заттар бар?
Тез дайындалатын кеспе құрамында қандай зиянды заттар бар?

Антифриз! Нарықта, кәдімгі көліктің ішкі қозғалтқыш жүйесін салқындату үшін қолданылады. Ішуге жарамсыз, әрине. Алайда, сіз оның құрамындағы кей элементтерді күнделікті өмірде тұтынып жүргеніңізді білесіз бе?

Ия. Ия.Бірақ, мынадай емес ал басқа кейіпте! Жылдам әзірленетін мұндай кеспелердің құрамында тағы қандай зиянды заттар бар?! Зерттейік, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Ресейдің өнімін өткіздік! Мамандар қажетті сынамаларды алды. Енді ауыр металдарды анықтау бойынша зерттеу жүргізеді. Олар  Қорғасын, Кадмий, Күшән мен Сынап.

Талап бойынша кеспедегі бірінші металдың мөлшері 0,5. Екіншісі 0,1. Үшіншісі 0,2. Ал төртіншісі 0,03 мг  нан аспауы тиіс.

Pb (қорғасын 0,5), Cd (кадмий 0,1), As (күшән 0,2), Hg (сынап 0,03).

«Қорғасын қалдық мөлшері норма бойынша 0,5 мг/кг болса, нәтижесі 0,0079мг/кг шаққанда.   Дәл сондай кармий, күшән, сынап элементтерін салыстырар болсақ, кармий норма-0,1мг/кг, нәтижесі 0,0043мг/кг. Талап етілген көрсеткіштен әлдеқайда төмен болып шығып тұр. Күшән 0,2мг/кг болса, нәтижесі 0,0084 мг/кг, ал сынап көрсеткіші табылған жоқ» – дейді Ұлттық сараптама орталығы филиалының зертхана дәрігері Гүлназ Жақсылықбаева.

Демек, ауыр металдар бойынша бәрі дұрыс. Алайда бұл, тағамның осы түрі зиян емес, қалауыңызша тұтына беріңіз деген сөз емес! Өйткені, бұл зерттеудің белгілі бір бөлігі ғана. Әрі мамандар осы бағытта заң бұзушылықтың жиі болмайтындығын айтады. Жылдам әзірленетін кеспелер өндірісінде кәсіпкерлер көбіне гендік қоспалардың мөлшерін арттырып жіберумен көп әуестенетін көрінеді.

Бұл гендік кодына бөтен гендер жабыстырылған ағза. Гендік қоспалар азық-түліктің я өнімнің сақталу мерзімін ұзарту үшін,өнімділігін арттыру үшін және зиянкестерге төзімді ету үшін қолданылады. Зиянды тұсы: Иммунитетті  төмендетеді, аллергиялық  реакциялардың  өліммен аяқталуына алып келеді, ісік ауруларын тудырады.
Тілші: Былтыр елде 33 мыңға жуық азық  түлік тауарларынан сынама алынып, оның  2600-ден астамы талапқа сай болмай шықты. Және бірнеше түрлерінен гендік қоспалар анықталды.

«Осы мониторинг шеңберінде жылдам әзірленетін кеспе  өнімдерінен, таңғы ас, яки блины, оладьи дейміз солардың құрамынан көп мөлшерде ГМО анықталды. Бұл өнімдердің барлығы Америке құрама Штаттарынан жеткізілген» – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.
Тілші: Жылдам әзірленетін кеспелердегі талаптардың бұзылуынан бөлек, мамандар тартылған сиыр еті деп сөреге қойылған тауарлардан шошқа днк-сы мен сүт өнімдерінен өсімдік майын анықтаған.Мұндай бассыздыққа жол берген Ресей және өзіміздің отандық кәсіпкерлер екен.

«Атап айтсақ ол Ресейдің  Данон, Хокланд компаниясының өнімдері. Ал, отандықтан ол Айналайын мен Райымбек компаниясының сұт өнімдері.Және мониторинг шеңберінде 145 сынама етке алынып, оның 40-ынан шошқа днксы табылды» – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.

–         А қай елден келген?

–         014300 Э консерві өнімдері Ресейден келген. Ал,жартылай полуфабрикат өзіміздің Павлодардың «Смак» фабрикасынан табылды.

Тез әзірленетін тағамдардың құрамындағы адам ағзасына зиянды тағы бір элемент  ол  ПРОПИЛЕН. Темекі мен Антифриз өндірісінде қолданылады.

«Бұл жаңағы  кеспенің текстурасын сақтайды. Көрдіңіз ба? Сақталу мерзімін, түрін , әдемілігін. Олар жазғанда антиоксиденттер деп жазады. Ал біздің түсінуімізше, антиаксиданттар  қатерлі ісік ауруына қарсы деген сөз. Ал енді қарап отырсаң, керісінше осы заттар, қатерлі ісікке ікеліп соғады» – дейді Салауатты өмір салты дәрігері Көкенай Ташенова.

Әрі бұл мамандар тізген аурудың бір парасы ғана. Оның сыртында гастрит, бүйрек ауры,  қан қысымы мен жүрек ауруларын тудыратын элеметтер де бар бұл тағамдардың құрамында. Бірақ соған қарамастан жылдам әзірленетін кеспелердің саудасы қазір қызып тұр. Әсіресе, студенттер қауымының сүйікті әрі қолжетімді тағамына айналған.
РОЛЛТОН
«Біз енді сабаққа қатты дайындалған кезде, үлгермей қалып жатқан кезде, сессия кездерінде осындай тамақты жиі-жиі жеп отырамыз. Иә естиміз зиян жақтарын, кез келген нәрсенің бір плюс, бір минус жақтары болады» – дейді студент Бердібек Сұлтан.
Алайда, оның зиян екенін біле тұра жастар оған неге  құмартады?
«Жастардың барлығы  неге соны ішкісі келіп тұрады? Өйткені ол дәмді. Тез тоясың, әрі арзан дейді. Ал  оның  ішінде зиян бар екенін көбісі біле бермейді. сондықтан менің айтарым, жастарға әсіресе, бұл тамақтан аулақ, арасында бір-екі рет жегеннен ештеңе жоқ, бірақ үнемі қайталап жеуге адам ағзасына өте қауіпті» – дейді Салауатты өмір салты дәрігері Көкенай Ташенова.

Мамандардың айтуынша адам шалдығатын аурудың 70 пайызы – астан. Осы себепті, ауру – сырқатсыз  ұзақ ғұмыр кешкіңіз келсе, күнділікті өмірде не тұтынып жүрсіз, соған жіті назар аударғаныңыз абзал!

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 5948
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232