ТАБИҒАТ ТАҢҒАЖАЙЫБЫ: ішінде асау ӨЗЕН, тұтас ОРМАН орналасқан ҮҢГІРді білесіз бе? (фото+видео)
ТАБИҒАТ ТАҢҒАЖАЙЫБЫ: ішінде асау ӨЗЕН, тұтас ОРМАН орналасқан ҮҢГІРді білесіз бе? (фото+видео)

Айтпақшы, баруды мақсат ететін орындар қатарына Шондонг үңгірін қосуға болады. Неге дейсіз бе? Шондонг – Вьетнамның орталық бөлігінде, Куанг Бинь провинциясы аумағына орналасқан үңгір. Бүгінгі таңда «әлемдегі ең үлкен үңгір» статусын иеленіп тұр. Осыдан жиырма жылдай бұрын Вьетнамның кішкентай бір ауылының тұрғыны – Хо Хан атты жас жігіт сол маңайдағы ну орман арасынан бір үңгірдің аузын табады. Алайда, арғы жағынан құлақ тұндырардай қорқынышты дыбыстар тоқтаусыз шығып тұрғандықтан, ішіне кіріп көруге жүрегі дауаламайды. Әлбетте, бұл үңгір жайлы жергілікті тұрғындар бұған дейін де білген болуы мүмкін. Хо Хан да өз ауылдастарына айтпай тұрмайтыны анық. Алайда, қанша қызығушылық болғанымен, қорқынышын жеңіп, үңгірге кіретін вьетнамдық табыла қоймаған сыңайлы. Әрі оған жету де оңай емес, қалың джунгли ішімен 10 шақырымдай жол жүру қажет. Содан да аталған орынның сыры 2009 жылға дейін жұмбақ болып келді. 2009 жылы мұнда жұмбақ үңгір жайынан құлақтанған британдық спелеологтар келеді. Олардың зерттеуінен соң адамзат табиғаттың тағы бір кереметімен жақынырақ танысып, кезекті рет таңдайын қақты. Шондонгтың бір өзін бір әлем дерсің! Бірінен бірі асып түсетін 150 үңгірден, олардың арасын жалғаған дәліздерден тұратын алып кешен.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН, ERNUR.KZ

Шондонг - самая большая пещера в мире (25 фото)Шондонг - самая большая пещера в мире (25 фото)

Шондонг - самая большая пещера в мире - Журнал Евразия ПлюсIntellect EVN - Шондонг – самая большая пещера в мире,... | FacebookПещера Шондонг (Hang Son Doong) - самая большая и красивая пещера в мире,  Вьетнам — Мир красив! - туристический портал, всё о туризме!

Үңгірдің жартысынан астам аумағына созылып жатқан Ра-Туонг жерасты өзені айрықша атап өтуге тұрарлық. Себебі, Табиғат-Ана үңгір ішіндегі сұлулықты, туннельдер мен жартастарды, мүсіндерді осы өзен суының көмегімен миллиондаған жылдар бойы қалап-қашап келе жатыр. Шын мәнінде, суретте моп-момақан көрінгенмен, қаупі мен айбары да жоқ емес. Құрғақшылық маусымында кішігірім жылғаға айналса, жауын-шашынды маусымда арнасынан асып-тасқан өзенге айналып, айналаның бәрін асау ағынының тұтқынына алады. Жергілікті тұрғындардың жүрегінің түгін алған да осы өзеннің ағысы мен шуылы болып шықты. Ұзақ уақыт бойы жүргізілген зерттеулерден соң, жақын жылдары ғана мұнда туристік топтар кіргізіле бастады. Олардың құрамына ену де оңай емес. Себебі, жылына 200 адамға ғана кіруге рұқсат етілген. Ол аз десеңіз, жетер жолдың қиындығы тағы бар. Джунглидің қалың нуы арасын жаяу жүріп өтуге және арқанмен 80 метр тереңдікке сырғып түсуге дайын болуға тиіссіз. Әйтсе де, Шандонг үңгірін бір шарлап шығу үшін қалай еңбектенсе де артық емес. Мұндай сұлулықты суреттен тамашалау жеткіліксіз. Оны көзбен көру керек. Әзірге Шандонг үңгірінің кереметін видеодан көріп, көңілмен сезіне отырыңыз.

 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 жыл бұрын 3975
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232