Syrym Zhaqsylyqov: Айт діни мейрам болғанымен халықтық сипат алған. Неге демалыс жарияланбайды?
Syrym Zhaqsylyqov: Айт діни мейрам болғанымен халықтық сипат алған. Неге демалыс жарияланбайды?
Ораза Айтқа өзбектер 4 күн демалып жатыр. Тәжікстанда да бүгін жұмыс күні емес. Қырғызстан үшін Ораза Айт күні ресми мереке. Ал Түркия үш күн демалады. Тіпті, Түркіменстан үшін де Ораза Айт мемлекеттік мереке статусына ие. Ресейдегі этностық мұсылмандар тұратын бірнеше елде Ораза Айт демалыс күні.
Ал, біз байғұстар айт намазын оқи сала жұмысқа асықтық. Күнұзаққа жұмыс орнымызда қалдық. Бала-шаға да мектепте һәм садикте. Көңілде мейрам болса да қалыпты күннен еш айырмасы көрінбеді.
Айт діни болса да, өту жағынан халықтық мереке. Жұрт айт күнін отбасымен өткізгісі келеді, алайда ресми заң жоқ. Осыны жоғарыдағы ақ жағылалар бір ойлап қойса игі еді. Әйтпесе, терезесі тең тіпті кейбірі кем елдер мереке күнін ерекше өткізгенін көріп, бір жағы қызыға һәм қызғана қарайды екенсің.
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
2 жыл бұрын 2434
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232