Солтүстіккореялық Олимпиада чемпионы ғаламтор қолданушыларын таңғалдырды (фото)
Солтүстіккореялық Олимпиада чемпионы ғаламтор қолданушыларын таңғалдырды (фото)

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарында алтын медальді жеңіп алған солтүстіккореялық гимнаст Ри Се Гвананың суреттері әлеуметтік желіде мемге айналды. Марапаттау рәсімінде спортшының бет-әлпеті мұңды болып, ол алтын медальді алған кезде бірде-бір рет күлмеген. БАҚ оны Риодағы ең мұңды чемпион деп жазды. Бұл туралы " tengrinews.kz" ақпарат көзі "Daily Mailбасылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Қолданушылардың көбі чемпионның мұңды болу себебі деп оның өз еліне қайтатынын атап, пікір қалдырған. Спортшы жеңімпаз болғанына өзінің бақытты екенін айтқан екен. Ри Се Гван Риодағы Ойындарында қолды тіреп секіруден алтын медаль алған. 


© Reuters/AFP/Getty Images/Twitter



Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 3084
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232