Шымкенттік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды
Шымкенттік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Шымкенттегі «Білім-Инновация лицейінің» 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды деп хабарлады turkystan.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, ол шетел оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сынып соңында бастаған. Бұл үшін IELTS, Duolingo сияқты тесттерді тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Мысалы, Duolingo-дан 135, IELTS-тан 8.0 жинады. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған.

Сол уақыттан бастап осы 11-сынып соңына дейін тек университетке түсу үшін уақыт жұмсадым дейді ол.

Мирас шақырту алған оқу орындарының 12-сі АҚШ-та, бесеуі Ұлыбританияда, бесеуі Канадада, біреуі Испанияда, төртеуі Аустралияда және тағы басқалары.

Әзірше ол Colgate University, London School of Economics немесе Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр.

Арай Сақтаған

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
5 ай бұрын 874
0 пікір
Блог туралы
0
2083828 208 535 4879 232