Шетелден 50 есе арзан. Өзбек ғалымдары қатерлі ісікті 99 пайызға емдейтін дәрі ойлап тапты
Шетелден 50 есе арзан. Өзбек ғалымдары қатерлі ісікті 99 пайызға емдейтін дәрі ойлап тапты

Өзбек ғалымдары қатерлі ісікті 99 пайызға дейін емдейтін жаңа дәрі ойлап тапты. Бұл туралы –uza-ға Өзбекстан ғылым академиясы Ядролық физика институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Илхом Содиков мәлімдеді.

"Біздің ең жақсы нәтижелердің бірі - 2022 жылдың маусымында тіркеліп, өндіріске енгізілген жаңа радиофармацевтикалық векторлық терапия. Бұл препарат қатерлі ісік ауруын емдеуде өте тиімді жаңа дәрі", - деді ол.

Префессордың айтуынша, бұл препараттың бір дозасы қазір АҚШ-та 70 000 долларға, Еуропа елдерінде 25 000 долларға сатылып жатыр. Ал Өөзбекстандағы  институт бұл дәріні 1,5 мың доллар бағамен жергілікті емханаларға жеткізе бастаған.

"Біз бұл дәріні өзіміз жасаған жаңа технология бойынша шығаруды бастадық. Қазіргі уақытта біздің "лютеций-177" деп аталатын изотопымыз әлемдегі басқа өндірушілердің өнімдеріне қарағанда сапалы радиоизотоп. Біздің өнім АҚШ, Германия, Ресей өнімдерінен 10 есе таза және 15-50 есе арзан", - дейді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, дәрінің құрамында "лютеций-177" радиоизотопынан және оған простата спецификалық мембранасы бекітілген "антиген-617" деп аталатын ақуыздық заттан тұрады.

"Бұл ақуыз "лютеций-177» радиоизотопын ағзадағы қатерлі ісік метастаздарының орындарына жеткізетін құрал ретінде қызмет етеді. "Лютеций-177" радиоактивті изотопы қатерлі ісіктердің ішіне еніп, оларды радиоактивті сәулелерімен күйдіреді. Бұл сәулелердің қашықтығы 1-2 миллиметр болғандықтан, олар ісік ішінен еніп, айналасындағы сау тіндерге зиянды әсер етпейді. Бұл ісіктерді хирургиясыз емдеуге мүмкіндік береді", - дейді ғалым.

Дәрігер компания өнімінің 95 пайызы экспортқа шығарылатынын, тек 5 пайызға жуығы ішкі нарықта сатылатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін онколог қатерлі ісіктің 5 белгісін атаған болатын.

Т. Раушанұлы

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
2 жыл бұрын 1273
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232