Мұрат ЖҰРЫНОВ, Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академик:
– Біз, ғалымдар, саясатпен шұғылданбаймыз, тек ғылыми шындықты іздеумен айналысамыз. Сондықтан Тілеуберді Әбенайұлының кейінгі терең зерттеу жұмыстары бізді қызықтырды. Бұрын да миллиондаған адамы бар түрік әлеміне шағын ғана әлсіз моңғол жұртынан шыққан адамның хан болуы түсініксіз және шындыққа ұласпайтын жай болатын.
Хан тек қана күшті елден, күшті тайпадан шыққан. Шыңғыс ханның туған жері, өскен өлкесі Бұрқан және Түрген деген жерлерді қазіргі Моңғолия аумағынан да, солтүстік Сібір өлкесінен де таба алмайсыз. Ол жақта ондай жерлер бұрын да, беріде де болмаған. Керісінше, дәл сол Бұрхан мен Түрген деген жер-су аттары Жетісу жерінде ежелден бүгінге дейін бар. Біз осындай дәлелдерге көңіл аудардық, бұл зерттеудің бастамасы деп ойлаймын. Мұны моңғол ғалымдарымен бірге талқылап, пікірталас жүргізу керек. Шыңғыс ханның кеңселік құжаттары түрік тілінде жүргізілген. Моңғол болса, неге моңғол тілінде жүргізілмеген? Моңғол ғалымдары бұл туралы: «Өйткені ол түріктердің арасында жүргендіктен де, оларға түсінікті болу үшін түрік тілінде жүргізді», – дейді. Ал жарайды делік, онда олар парсылармен соғысты, неге парсы тілінде жүргізбейді? Арабтармен соғысты, неге араб тілінде жүргізбеді? Ресейді, Қытайдың тең жартысын жаулап алды, «неге орыс, қытай тілдерінде жүргізбеді?» деген сұрақтардың тууы заңды.
Шығыс ханның өзі түрік тілінде сөйлегені тарихтан белгілі. Моңғол ғалымдары Шыңғыс ханды өздерінің бабасы ретінде есептей берсін. Бірақ шындықтың есігін ашып қоюымыз керек. Шыңғыс ханды түркі әлемінің көсемі ретінде тануға келісуге тиіспіз. Шыңғыс хан – Алтай, Балқаш, Алакөл өңірінде өмір сүрген адам. Қазіргі Моңғолияның аумағында тұрмаған. Осыны ғалымдарымыз дәлелдеп, мойындату керек. Бұл тез арада шешіле қоятын мәселе емес. Зерттеуді әр түрлі тәсілдермен ары қарай жалғастыра беру керек. Дулатидың, Бичуриннің еңбектерінің бір жерінде Шыңғыс ханның түрік тілінде сөйлегені, мұсылман дінінде болғаны, бір баласының ораза тұтқаны, бір немересінің аты Мұхаммед болғаны айтылып кетеді. Моңғолдарда Мұхаммед деген есім жоқ қой. Осындай нақты дәлелдер бар. Сондықтан Тілеуберді Әбенайұлын тыңдап, еңбегін ғалымдардың талқысына салдық. ҰҒА-ның президиум мүшелері бұл еңбекті ары қарай да жалғастырып, зерттеу керек деген қорытындыға келді.
ҰҒА президенті Мұрат Жұрынұлы осылай дейді. Жөн-ақ! Енді Шыңғыс ханның руы найман, оның ішінде матай деп, бірі жалайыр, бірі тіпті оның руы адай деп еңбек жазып тастаған зерттеушілеріміз күш біріктіріп, аққу боп – көкке, шортан боп – суға, шаян боп құрғаққа тартпай, Шыңғыс ханның ұлты түркі дегенді әлемге дәлелдей алсақ, осының өзі әлемнің түңлігін бір желпіп тастар еді!
Аяла Байсейіт
nurotau.kz
ШҰҒЫЛАЛЫ ХАН
Шыңғыс хан Шұғылалы хан болыпты заманында. Әлемнің жаратылысы бөлек адамдарының алдыңғы ондығынан табылатын түркі жұртына ортақ тұлға Шыңғыс бабамыз туралы қазіргі даулы пікірлерге бір нүкте қойылуы керек.
Мен ғалымдардың Шыңғыс ханның арғы тегі қазақ деген дәлелдерінің екеуіне мықтап бекідім.
Бірінші, оның өз атынан бастап барлық туыстарының, жақындары мен әскербасыларының барлығының есімі қазақ есімдер. Ал қазіргі моңғол жұртында арғы тегінен бері ондай есімдер болмаған. Есімдердің дыбыс, буын үндестігі тек қана қазақ сөздеріне тән, моңғол сөздеріне еш қатысы жоқ.
Екінші, заманында бір-бір хандық құрып айбыны асып тұрған Керей, Найман сынды қазақ тайпаларының діні, таным түсінігі басқа біреулерге билікті беріп қойып, соның артынан ереді деу таяз ойлау және намыссыздық болса керек.
Түркі әлемінің ұлы тұлғасын жоқ қылып, оны елеусіз моңғол жұртына таңып қою империялық үлкен саясаттың құпия тірлігі. Басқыншылар Шыңғыс хан рухынан қорықты. Сосын оны қазақтан біржола бөліп, саналарға ол моңғол деп уын мықтап сеуіп кетті. Ақыр соңы әлемге әйгілі тұлғаны сенің арғы бабаң десе, шамданып намыстанып, ат тонымызды ала қашатын күйге жеттік. Ал іргедегі қытайлар оны біздің ұлы ханымыз деп таласып отыр.
Әлемнің әйгілі тарихшылары Шыңғыс ханның қазақ екенін дәлелдеп қазақтарға соқырға таяқ ұстатқандай қылып тарихын тірілтіп берсе де өлген рух, құлданған сана өз өзінен қашып әлек. Өз тарихын, тұлғасын танып басына көтере алмаған ҚАЗАҚТАРҒА ӘЛЕМ КҮЛІП ОТЫР дейді көзі ашық ғалымдар.
Ұлы тұлғаларын ардақтай алмаған халықтың халі қашанда мүшкіл болмақ. Өлі риза болмай тірі байымайды деген.
Шыңғыс хан қазақ болған дегенімде бір әріптесім жақтырмай мұрынын шүйірді. Сосын мен айттым сізде екі таңдау бар:
Біріншісі, қазақ халқы Шыңғыс хандай ұлы бабасы бар текті айбынды халық. Қазақ халқы Жошы,...............Керей мен Жәнібек..........Абылай, Қасым, Тәуке ........ Кенесары ........Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейханов, Шота Уәлиханов сынды даңқты бабаларымыздың арғы тегі болған Шұғылалы ханның елі.
Екіншісі, қазақ халқы сонау 13-ғасырдан бастап (ғалымдардың айтуынша тибет асып келген әртүрлі тайпалардан құралып ел болған) аз ғана моңғол жұртына бағынып соның қол астында өмір бойына қорлықта болған, өз ішінен ел басқарар ер шықпаған сорлы халық.
Ал енді өзің таңда.
Шыңғыс ханның қазақ екенін мойындамау екінші пікірді мойындау деген сөз. Ал бірінші пікір тарихи шындық. Өз бабаларыңды ардақтау деген сөз.
Шыңғыс ханнан бас тарту деген сөз Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бас тару, яғни қазақтың хандығынан, елдігінен бас тарту моңғол басқыншыларының құрған мемлекетінің 550 жылдығын тойлау, құлдықты тойлау деген сөз. Ол деген қазақ өмір бойы құлдықта болған сорлы халық деген сөз.
Бір жерден оқыған едім.
Қазақтың ен байлығы неге талауға түсіп, рухы бір көтерілмей-ақ қойды деген сұраққа бір кезде Мәскеуге апарылған алып тайқазанның өзін қайтарып алсақ та қақпағын ала алмадық. Ал ашық тұрған қазанды ит-құстың бәрі жалап сарқып ішіп кетіп жатыр, ал қаймана қазаққа қаспақ қырудан басқа амал қалмады. Қазаннан қақпақ кетсе иттен де ұят кетеді деген осы болып тұр. Қашан құт қазанның қақпағы жабылады сол кезде қазына халықтың игілігіне айналады. Ал қазақ рухы қазақтың соңғы ханы болған Кенесарының басы елге оралғанда ғана тіріліп, айбыны асқақтайды дейді.
АЛ ШЫҢҒЫСХАН КЕНЕСАРЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ АРҒЫ БАБАСЫ.
КЕНЕСАРЫНЫ ҚАЗАҚ ОНЫҢ БАБАСЫ ШЫҢҒЫСХАНДЫ МОҢҒОЛ ДЕУ СІЗДІҢ ЖЕТІНШІ АТАҢЫЗДЫ ҚАЗАҚ, ОН ЖЕТІНШІ АТАҢЫЗДЫ МОҢҒОЛ ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ ЕМЕС ПЕ?
ЕГЕР ОН ЖЕТІНШІ АТАМ МОҢҒОЛ БОЛҒАН НЕМЕСЕ МЕН ЖЕТІ ҒАСЫР БОЙЫНА МОҢҒОЛ ХАНДАРЫНА БАС ИГЕН СОРЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ НАМЫССЫЗ ҰРПАҒЫМЫН ДЕГІҢІЗ КЕЛСЕ, ШҰҒЫЛАЛЫ ХАНЫҢЫЗДЫ МОҢҒОЛ ДЕЙ БЕРІҢІЗ. БІТЕЛГЕН ҚҰЛАҚ ПЕН СОҚЫР КӨЗГЕ, ӨЛГЕН ЖҮРЕК ПЕН СӨНГЕН САНАҒА АМАЛ ҚАНША.
Әділ Ержан